16.01.2015, 16:14 4346

ҚР-да "Ауылда қаржыландырудыӊ жол картасы" әзірленуде - ҚР ҰКП

Қазақстанда "Ауылда қаржыландырудыӊ жол картасы" әзірленуде, деп мәлімдеді бүгін "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне ҚР-да кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заӊын түсіндіруге арналған ОКҚ брифингі барысында Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасыныӊ орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Ауылда қаржыландырудыӊ жол картасы" әзірленуде, деп мәлімдеді бүгін "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне ҚР-да кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заӊын түсіндіруге арналған ОКҚ брифингі барысында Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасыныӊ орынбасары Гүлнар Құрбанбаева, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ауылда қаржыландыру бойынша Жол картасы қабылдануда. Бағдарлама қабылданып, нақты өзгертулер енгізіледі деп үміттенеміз", - деді Г.Құрбанбаева.

Оныӊ айтуынша, "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне ҚР-да кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заӊы бизнеске қойылатын талаптар санын 30%-ға қысқартуды көздейді, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

"Бүгінгі таӊда рұқсат процедураларын 30%-ға қысқарту жүргізілуде. Жоғары нарықтық бәсекелестік жағдайында қазақстандық бизнестіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек болды. Осы ретте біз кәсіпкерлік саласындағы заӊнамаға бірқатар өзгерістер енгіздік, олар кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды қысқартуға бағытталған", - деді ол.

Сондай-ақ, ол түсіндіріп өткендей, нысандарды пайдалануға тапсырған кезде мемлекеттік органдар қатыспайды.

"Нысанды пайдалануға беру үшін уақыт пен ақша қажет, келісу керек болады, бұл үдеріс қысқарады, 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап тапсырыс берушімен, мердігермен техникалық қадағалау өкілдерініӊ қатысуымен пайдалануға бере бастаймыз, бұл құрылыс жүргізіп жатқандардыӊ, тапсырыс берушілердіӊ жауапкершілігін арттырады, олар осы үдеріске түгел жауапты болады", - деп баса айтты ведомство басшысыныӊ орынбасары.

Бұдан өзге, кәсіпкерлік қызметті алмастыру процедурасы жеӊілдетілген. осыған байланысты Жер кодексіне өзгертулер енгізілді.

"Қызмет атқару тұрғысынан төрт аймақ анықталған - коммерциялық, әлеуметтік, тұрғын үй және басқа аймақ. Егер сіз коммерциялық аймақта болсаӊыз, онда кәсіпкерлік қызмет атқарылады, Мейрамхана бизнесін жүргізген болсаӊыз, жергілікті билік рұқсатынсыз-ақ өз кәсіпорныӊызды дәріханаға немесе басқа да бизнеске бейіндей аласыз. Еӊ бастысы ол "коммерциялық аймақ" позициясына сәйкес келуі тиіс", - деп толықтырды ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны