28.03.2013, 11:56 16229

ҚР-дағы шетелдік мамандардың 79% басқарушы қызметтерде отыр

"Сараптама жұмыстары көрсеткендей, жалақысы жоғары шетелдік мамандардың үлес салмағы көбінесе басқарушы қызметте отырғандарға тиесілі - 79,5%, қатардағы жұмысшылар - 20,5% құрайды", - деді Е.Бұрахан.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жұмысқа тартылған шетелдік мамандардың шамамен 79% басқарушы қызметтерді атқарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Ернұр Бұрахан мәлім етті.

"Сараптама жұмыстары көрсеткендей, жалақысы жоғары шетелдік мамандардың үлес салмағы көбінесе басқарушы қызметте отырғандарға тиесілі - 79,5%, қатардағы жұмысшылар - 20,5% құрайды", - деді Е.Бұрахан.

Сонымен қатар, шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі құрылыс саласында - 44,3%, тау-кен өндірісінде - 16,3%, қызмет көрсетуде 11,3%, өңдеу саласында - 9,8% жұмыс жасайды.

Және де, тексеріс барысында 51 компанияда отандық және шетелдік жұмысшылардың арасындағы жалақы диспропорциясының 108 фактісі анықталған. Қазақстандық және шетелдік мамандардың жалақыдағы айырмашылығы 11 еселік деңгейге жеткен.

Диспропорция фактілері анықталған шетелдік жұмысшылардың негізгі бөлігі - ҚХР өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны