25.02.2016, 09:31 3804

ҚТЖ темір жол вокзалдарындағы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету Ережесі бекітілді

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету Ережесін бекітті. Жаӊа Ереже еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жүреді

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету Ережесін бекітті. Жаӊа Ереже еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жүреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа Ереже бойынша, вокзал қызметкерлерініӊ міндетіне мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды күтіп алып, жүгін вагондарға дейін жеткізіп, өзін отырғызуға көмектесу қызметтері енгізілді. Ол үшін вокзал кезекшісініе мүгедек азаматтыӊ келетіндігі туралы алдын ала хабарлануы тиіс. Бұл міндет арнайы нұсқамалық бойынша кезекшініӊ лауазымдық міндетіне енгізілді.

Мемлекет басшысыныӊ 2016 жылғы 1-қаӊтарда қол қойған "Қазақстан Республикасыныӊ мүгедектерді қорғау туралы кейбір заӊ актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдайлар жасау керектігі айтылған",-дейді Қазақстан Мүгедектері одағыныӊ төрағасы Или Аманбаев.

Или Аманбаевтыӊ айтуынша, Одақ "Вокзал сервис" АҚ-ымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Оныӊ ішінде, әлеуметтік жобаныӊ бірі ретінде ақпараттарды ілеспе аударма жасау да көзделген.

Қазіргі таӊда еліміздегі 138 теміржол вокзалында пандустардыӊ ыӊғайлы еӊістігі талапқа сай жасалған. 58 вокзалда мүгедектерге арналған арбашалар да алынған. 16 вокзалдағы анықтама бюролары құлағыныӊ мүкісі бар жандарға қажетті ақпараттық жүйемен қамтылған.

Вокзал ғимараттарында арнайы дәретхана бөлмелері,вокзалдардыӊ алдындағы алаӊдарда мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ автокөліктері тұрағы жасалады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны