26.12.2008, 09:53 1680

"Қуат" корпорациясының 197 жұмыскерге беруге тиіс жалақы берешегінің көлемі 123 млн теңге болған - "Хабар"

"Қуат" корпорациясының 197 жұмыскерге беруге тиіс жалақы берешегінің көлемі 123 млн теңге болған - "Хабар"

Алматы. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қуат" корпорациясы жыл соңына дейін қызметкерлер алдындағы қарызын өтеуге берген уәдесін орындай алмады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Хабар" агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Телеарнаның сюжетіне сүйенсек, бұл Алматыда өткен әлеуметтік дау-жанжалды шешу жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болды.

"Корпорацияның атына келіп түскен шағымдар аталған кеңесте осыған дейін екі рет қаралған еді. 197 жұмыскерге берілуі тиіс жалақы көлемі 123 млн теңге. Бұл соңғы төрт ай ішінде қаржыландыру жүйесінің бұзылғандығынан болып отыр. Кеңес мүшелері корпорация басшысы Олег Намға көрсетілген қаржыны толық өтеу үшін қаңтар айының соңына дейін мүмкіндік беріп, қатаң бақылауда болатындығын ескертті",- делінген сюжетте.

"Кеңесте сонымен бірге Алатау ауданындағы жер телімдерін заңдастыру бойынша шешімдердің орындалуы барысы да талқыланды. Осы бағытта құрылған арнайы комиссия жұмысы қорытындыланып, 5 мыңға жуық заңдастырылмаған жер үй бар екендігі анықталды",- деп хабарлайды агенттік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны