01.11.2006, 17:47 2740

Куба Қазақстанға ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды емдеуге көмектесуге дайын

АСТАНА. 1 қараша . Kazakhstan Today. Куба Қорғаныш тапшылығы вирусын жұқтырған Оңтүстік Қазақстан облысының балаларына көмек көрсетуге дайын, бұл жөнінде Қазақстандағы Куба елшісі Тересита Капоте Камачо қазақстандық журналистермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі кезде көмек көрсету жолдары қарастырылуда, нақты қандай көмек қажеттігі жөніндегі ақпаратты күтіп отырмыз",-деді Т.Камачо. "Кубада медицина жоғары деңгейде дамыған, СПИД-пен күрес саласында біздің қол жеткізген жетістіктеріміз молИ Кубада шығарылатын арнайы медициналық дәрі-дәрмектер жетерлік, арнайы аппаратура мен білікті мамандар бар",-деп атап өтті дипломат.

Сонымен қатар, Т.Камачоның айтуынша, Қазақстанда кубалық дәрігерлер қызмет ететін көп салалы аурухана ашу жоспарда бар. Қазіргі кезде 30 мыңнан астам кубалық ақ халаттылар шетелде осындай ауруханаларда ақысыз жұмыс істейді, дейді дипломат.

Куба елшісі Қазақстан делегациясының өз еліне жоспарланған сапары осы мәселелердің шешілуіне ықпал етеді дегенге сенім білдірді. Делегация құрамына денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны