03.08.2006, 15:17 3013

Құқық қорғаушылар Шаңырақта жерді оңды-солды таратқан шенеуніктердің үстінен қылмыстық іс қозғау қажет деп санайды

АЛМАТЫ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Құқық қорғаушылар Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданында жерді оңды-солды таратқан шенеуніктердің үстінен қылмыстық іс қозғау қажет деп санайды. Бүгін Алматыда "Шаңырақ дағдарысы: себептері мен салдары, одан шығу жолдары" атты "дөңгелек үстелде" "Адам құқығы Хартиясы" қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Атқарушы билік мекемелеріндегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау қажет",- деді Ж.Тұрмағамбетова. Өйткені, Шаңырық тұрғындарына жер құжаттарын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері таратқан, деді ол.

"1992-1993-жылдардағы шенеуніктер заңды, заңсыз сан алуан жолдармен жерді оңды-солды таратты. Осындай актілер тексеруден өткізілуге тиіс. Сол себепті қылмыстық іс қозғап, тексеру керек. Олар жауапкершліік жүктеуге тиіс",- деді мәжіліс депутаты Амалбек Тшан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны