03.04.2017, 19:04 4193

Құмар Ақсақалов: "Тәуекел аймақтарда тұратын балаларға көмектесу қажет"

СҚО әкiмдiгiнде өткен ведомствоаралық комиссияныӊ отырысы барысында құқықбұзушылықтыӊ алдын алуға арналған мәселе талқыланды. "Жасөспiрiм" жедел-алдын алу шарасын өткiзудiӊ қорытындысы жайында СҚО IIД жергiлiктi полиция қызметiнiӊ бастығы Қанат Айтбаев баяндады.

Петропавловск. 3 сәуір. Kazakhstan Today - СҚО әкiмдiгiнде өткен ведомствоаралық комиссияныӊ отырысы барысында құқықбұзушылықтыӊ алдын алуға арналған мәселе талқыланды. "Жасөспiрiм" жедел-алдын алу шарасын өткiзудiӊ қорытындысы жайында СҚО IIД жергiлiктi полиция қызметiнiӊ бастығы Қанат Айтбаев баяндады.

Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы"Жасөспiрiм" жедел-алдын алу шарасына 462 полиция қызметкерi, 87 бiлiм, 19 денсаулық сақтау саласыныӊ өкiлдерi, 16 прокуратура қызметкерлерi, 13 "Нұр Отан" партиясы өкiлдерi жұмылдырылған.

"Жедел-алдын алу шарасын өткiзу кезiнде iшкi iстер органдарына 383 кәмелетке жасы толмаған бала жеткiзiлдi, оныӊ 1-уi қылмыс жасағаны үшiн, 55-i - әкiмшiлiк құқық бұзғаны үшiн, 217-сi - бақылаусыз және қадағалаусыз жүргенi үшiн. Осы кезеӊде 429 құқық бұзушылық анықталды, оныӊ 33-iн кәмелетке жасы толмағандар жасаған", - дедi Қанат Айтбаев.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов полиция қызметi жергiлiктi атқарушы органдармен жұмысты күшейте түсуi керектiгiн айтты.

"Қоғамдық тәртiпке бей-жай қарамайтын және соған жаны ашитын бизнесмендер мен қоғамдық ұйымдардыӊ өкiлдерi бар. Қылмыс жасауға бейiм тәуекел аймақтарда тұратын жеткiншектер де кездеседi. Оларды арнайы мектепке дейiн жеткiзбей, сабақтан кейiн бос болмайтындай iстермен қамтып, олармен жұмыс iстеу керек. Олардыӊ мектептен кейiн немен айналысатынын, балалардыӊ жұмысбастылық пайызын бiлу қажет", - дедi өӊiр басшысы.

Сол сияқты отырыс барысында М. Жұмабаев және Жамбыд аудандарыныӊ әкiмдерi құқық бұзушылықтыӊ алдын алу бойынша жергiлiктi атқарушы органдардыӊ атқарып жатқан шаралары жайында ақпарат бердi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны