06.04.2017, 16:22 5117

"Құнанбай" және "Жаӊғақ тал" фильмдері Пекинде өтетін фестивальге қатысады

Пекин халықаралық кинофестивалі Қытайдыӊ байланыс, радио, кинематография және телеарналар бас басқармасы және Пекинніӊ муниципалитет халық үкіметі, сондай-ақ Қытайдыӊ кино жөніндегі басқармасыныӊ ұйымдастыруымен өткізіледі.

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Құнанбай" және "Жаӊғақ тал" фильмдері Қытайдыӊ астанасында 2017 жылғы сәуірдіӊ 19-ы мен 21-і аралығында өтетін Халықаралық Пекин кинофестивалініӊ (Beijing International Film Festival) "Панорама" бағдарламасында көрсетілетін болады.

- Фильм көптеген фестивальдерге қатысып, танылып жатқанына өте қуаныштымын. Картинаныӊ желісі мейірімге толы, сондықтан да қытайлық көрермендердіӊ көӊілінен шығатынына сенімдімін, - деді "Жаӊғақ тал" фильмініӊ режиссері Ерлан Нұрмағамбетов.

Естеріӊізге сала кетсек, "Жаӊғақ тал" фильмі Оӊтүстік Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасын өткізіп, онда New Currents ("Жаӊа ағым") секциясы аясында бас жүлдені иемденген болатын. Сонымен қатар, аталмыш картина Везульдегі Азия кинолары 22-і Халықаралық кинофестивалініӊ негізгі байқауында көрсетіліп (Франция, 2016 ж.), екі бірдей жүлдеге - халықаралық қазылардыӊ арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларыныӊ арнаулы жүлдесіне ие болды.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын марқұм Таласбек Исемқұлов екеуіміз "Біржан сал" фильмімен Қытайға арнайы барып едік. Көрсетілімге 500-ге жуық халық қатысты, олардыӊ арасында қазақтар да болды. Фильмді өте керемет қабылдады. Тарихтан сыр шертетін фильміміз қытайлық көрермендерге ұнайды деген ойдамын, - деді "Құнанбай" фильмініӊ режиссері Досхан Жолжақсынов.

Ұлы ойшыл Абайдыӊ әкесі - Құнанбай Өскенбайұлыныӊ өмірі жайлы баяндайтын тарихи туынды еліміз бойынша прокатқа 2015 жылы шығып, көрерменніӊ көзайымына айналған болатын. Аталмыш фильм ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ және Мемлекет тарапынан да жоғары бағасын алды. Елбасы ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаӊында 2016 жылдыӊ әдебиет пен өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықты фильмніӊ түсіру тобына берді. Жарлыққа сәйкес сыйлық режиссер - Досхан Жолжақсыновқа, қоюшы суретші - Рустам Одинаевқа, сонымен қатар актерлер - Нурсифат Салықоваға және Айдос Бектемірге берілді.

Сонымен қатар, алғашқы ұлттық "Тұлпар" киносыйлығында фильмніӊ авторлары үздік атанып, "Үздік ер адам рөлі", "Үздік қоюшы суретші", "Үздік композитор", "Үздік сценарий" аталымдар бойынша төрт бірдей жүлдеге қол жеткізді. Одан бөлек, Уфада өткен III халықаралық ұлттық және этникалық кино "Күміс Ақбозат" фестивалінде Имір Ибдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесін иеленген.

Пекин халықаралық кинофестивалі Қытайдыӊ байланыс, радио, кинематография және телеарналар бас басқармасы және Пекинніӊ муниципалитет халық үкіметі, сондай-ақ Қытайдыӊ кино жөніндегі басқармасыныӊ ұйымдастыруымен өткізіледі. Байқау ұйымдастырушыларыныӊ айтуына қарағанда, Пекин фестивалі жылдан жылға дамып, бүгінде Азияда өтіп жатқан кинофестивальдердіӊ алдында тұр.

Биыл байқауға 90 елден 1000-ға жуық кинотуындылар қатысып отыр. Олардыӊ ішінен негізгі бағдарламаға 15 фильм іріктеліп алынған. Конкурстық байқауға ұсынылған фильмдердіӊ үздігін белгілі дат режиссері Билл Августтыӊ басшылығымен халықаралық қазылар алқасы анықтайтын болады.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны