30.01.2012, 10:14 3345

Күннін қатты суытуына байланысты Астана қаласынан шығатын барлық жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельді отынмен жүретін көліктер мен қоғамдық көліктер үшін Астанадан барлық бағыттар бойынша шығатын тасжолдар жабылды. Сондай-ақ, Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарының тасжолдарында да осы тектес шектеулер қойылған.

АСтана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Күннін қатты суытуына байланысты Астана қаласынан шығатын барлық жолдардағы көлік қозғалысына шекету қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельді отынмен жүретін көліктер мен қоғамдық көліктер үшін Астанадан барлық бағыттар бойынша шығатын тасжолдар жабылды. Сондай-ақ, Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарының тасжолдарында да осы тектес шектеулер қойылған.

Жолдардағы көлік қозғалысына тыйым жексенбі күні кешке салынған. Ақмола облысында "Көкшетау-Астана-Қарағанды облысының шекарасы" автожолы жабылды. ШҚО-да "Омск-Майқапшағай" (Семей қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) автожолымен қозғалыс шектелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны