28.09.2018, 13:35 5138

Құрамында психотроптық заттар бар дәріні рецептісіз сатқан алматылық дәріхананыӊ фармацевті жазаланды

Икімшілік жауаптылыққа тарту туралы тиісті қаулыны ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ Алматы қаласы бойынша департаменті 2018 жылғы 25 қыркүйекте шығарды.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Трамадолды рецептісіз сатқан алматылық дәріхананыӊ фармацевті жазаланды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Алматыдағы Сейфуллин көшесі, 247 үй мекенжайы бойынша орналасқан алматылық дәріхананыӊ құрамында психотроптық заттар бар трамадолды дәрігердіӊ рецевтісіз сатқан фармацеві 70 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. Икімшілік жауаптылыққа тарту туралы тиісті қаулыны ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ Алматы қаласы бойынша департаменті 2018 жылғы 25 қыркүйекте шығарды.

ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ Алматы қаласы бойынша департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы Мұрат Мұхамедьяровтыӊ айтуынша алматылық дәріхананыӊ жұмысын тексеру "Свободные люди" қорыныӊ белсенділерініӊ Facebook әлеуметтік желісіндегі өтініші негізінде жүргізілген.

"Свободные люди" қорыныӊ белсендісі Ольга Агапованыӊ өтінішінде көрсетілген фактілерді тексердік". Тексеру кезінде Трамадол препараты дәріхананыӊ қалдығында жоқ болып шықты. Бұған дейін дәріханада сатылған көлемге белгіленген барлық кіріске алу құжаттары, сондай-ақ қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды болған. Алайда, Трамадол препаратыныӊ бір орамын дәрігердіӊ рецептісіз сату фактісін анықтай алдық. Жіберген қателігін дәріхана фармацевті өзі де мойындады" деп мәлімдеді Мұрат Мұхамедьяров.

Ол сондай-ақ, құрамында психотроптық заттар барТрамадол препаратыныӊ қатерлі ісігі, жарақаттары бар пациенттерге және операциядан кейінгі кезеӊде тек дәрігердіӊ тағайындауы бойынша ғана берілетін анальгетик болып табылатынынтүсіндірді. "Осы препараттыӊ рецептісіз берілуі айыппұл түріндегі әкімшілік жазалауға жатады, ол айыппұлдыӊ заӊды күшіне енген күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей мемлекеттіӊ кірісіне түсуі тиіс. Осы мерзім өткеннен кейін бұзушылыққа жол берген фармацевт айыппұлды төлегені туралы түбіртекті бізге міндетті түрде көрсетуі тиіс, болмаса қаулы мәжбүрлі түрде орындалатын болады"- деп түсіндірді Мұрат Мұхамедьяров.

Естеріӊізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні Facebook әлеуметтік желісінде "Свободные люди" қорыныӊ еріктілерініӊ Алматыныӊ дәріханаларында Трамадол препаратыныӊ рецептісіз еркін сатылымда жүргені туралы посты пайда болды. Постыда қордыӊ "жасырын сатып алушысыныӊ" трамадолды рецептісіз сатып алып, ал фармацевтіӊ фискальдық шекті беруден бас тартып жатқаны туралы бейне түсірімі қоса жарияланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны