25.04.2007, 16:40 3126

Құрылыс саласында тәртіп орнатылуы қажет, деп санайды Келімбетов

АЛМАТЫ. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Еліміздің құрылыс саласында тәртіп орнатылуы қажет. Мұндай пікірін бүгін, журналистердің сұрақтарына жауап берген "Қазына" Тұрықты даму қоры" АҚ басқармалар төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Құрылыс индустриясы мен жылжымайтын мүліктің дамуы саласында тәртіп орнатылуы қажет",- деді Қайрат Келімбетов. Оның пікірінше, заңдар қарапайым тәртіп орнатуды да қарастыру қажет. "Қазіргі күнде бірнен кейін бірі салынып жатқан ғимараттарда барлық стандарттар, нормалар және т.б. сақталынбайды",- деп атап өтті.

"Мемлекет жалпы еліміздегі құрылыстың өсуін қолдай отырып, оны бір тәртіпке келтіру қажет. Бұл ең алдымен, республика халқының, тұтынушылардың игілігі үшін жасалады", - деп қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны