10.11.2015, 18:17 3925

Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ курсанттары 100 шақырымдық маршты еӊсерді

Құрлық әскерлерініӊ Искери институтында 4-курс курсанттарымен 10 күнге созылған 100 шақырымдық марш аяқталды. Маршты өткізер алдында оған қатысатын барлық жеке құраммен оқу орындарында көрсетілімді сабақ өткізілді

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Құрлық әскерлерініӊ Искери институтында 4-курс курсанттарымен 10 күнге созылған 100 шақырымдық марш аяқталды. Маршты өткізер алдында оған қатысатын барлық жеке құраммен оқу орындарында көрсетілімді сабақ өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ежелгі заманнан бері марш жасау шеберлігі әскерлердіӊ негізгі шеберлігініӊ бірі болып саналады. Бүгінгі күні жалпыәскери ұрыстағы жетекші рөл қалыптасқан жағдайға қарамастан, жорықтық, жауынгерлік алды және жауынгерлік тәртіптерде әрекет ете алатын мотоатқыш және танкті бөлімшелерге тиесілі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Құрлық әскерлерініӊ Искери институтында маршты ұйымдастыруды және өткізуді зерделеу кезеӊ-кезеӊмен өтеді. 1-курста курсанттар бөлімше командирініӊ жұмысы көлемінде, 2-курста взвод командирі көлемінде, 3-курста рота командирі көлемінде және 4-ші соӊғы оқу курсында батальон командирі ауқымында қажетті мәселелерді зерделейді. Сондықтан болашақ офицерлермен 100 шақырымдық маршты өткізу төртінші курста жоспарланып, өткізіледі", - деп атап өтті тактика кафедрасыныӊ аға оқытушысы, Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ доценті полковник С.Пастух.

Жауынгерлік техникада 100 шақырымдық маршты өткізу - бұл жол және лекті жолдар бойынша взвод немесе рота құрамындағы жай ғана жүріс емес. Ол бірінші кезекте, маршты өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша барлық дәрежедегі командирлердіӊ жұмысы, сондай-ақ шынайы күрделі ауа райы және климаттық жағдайлар кезіндегі қатты қиылысқан тактикалық жағдайдыӊ күрделі фонында басқару бойынша қажырлы, күрделі жүмыс.

10 күн бойы курсанттар жергілікті жердіӊ картасы және сұлбасы арқылы қозғалыс бағдарын, оныӊ қашықтығы мен өтімділігін, маршты жасау шарттарын, шептерді, аялдардыӊ орындары мен уақытын, ас қабылдау орындарын зерделеді, өз бөлімшелерініӊ марштық мүмкіндіктерін, жердіӊ сипатын, аялдар аудандарындағы қорғау және бүркемелеу шарттарын бағалады. Жеке элементпен марш жасау барысында командирлер мен жеке құрамныӊ аялдағы іс-әрекеттерініӊ оқу сұрағы пысықталды.

Курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізудіӊ жоғары шеберлігі мен тактикасын, күрделі жағдайда орағытуды, әртүрлі кедергілерді еӊсеру кезіндегі табандылықтары мен батылдықтарын, марш жасау барысында туындайтын тапсырмаларды шешу кезінде өзіндік пен бастамашылдықты көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны