25.01.2008, 15:40 1999

Құс тұмауының таралу қаупі әлі де бар - БҰҰ

Құс тұмауының таралу қаупі әлі де бар - БҰҰ

Алматы. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Құс тұмауының таралу қаупі әлі де бар. Бұл туралы кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, соңғы бір айда H5N1 құс тұмауының вирусы дүниежүзінің 15 елінде, соның ішінде Польша, Ресей, Украина мен Түркияда тіркелген. Қатерлі індет негізінен жеке үйлердегі үй құстарының арасында шыққан.

Сондай-ақ, қаңтар айында H5N1 құс тұмауының вирусы шыққан елдер тізімінде Бангладеш, Бенин, Қытай, Египет, Германия, Индия, Индонезия, Иран, Израиль, Мьянма мен Вьетнам елдері де бар.

"Көптеген елдердің аталмыш індетті анықтау және оның алдын алу жүйесін қатайтқандығына қарамастан оның одан әрі таралуы қатерлі дертті жеңу туралы айтудың ерте екендігінің дәлелі",- деп атап өтті Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мал дәрігерлік кеңсесінің басшысы Джозеф Доменеч.

Индонезия, Бангладеш және Египет ерекше назар аймағында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны