KustoHelp қайырымдылық қоры коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына 1 млн. теңгеден аударды
Алматы. 17 тамыз. Kazakhstan Today - KustoHelp қайырымдылық қоры коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына 1 млн. теңгеден аударды.
Тамыз айының басында Аружан Саиннің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігімен берілген КВИ мен пневмониядан қайтыс болған Қазақстанның медицина қызметкерлерінің саны туралы нақты мәліметтер белгілі болды - 174 адам. Оның ішінде: қызмет борышы бойынша пандемиямен күреске бірінші болып тұрып, өзіне негізгі соққы алған 98 дәрігер, 40 орта буын медицина қызметкері, 14 санитар, 8 арнайы көлік жүргізушісі, фельдшерлер, зертханашылар және басқа да мамандар. Өкінішке орай, олар бұл күресте әр адамның ең қымбат нәрсесін - өз өмірлерін берді. Олар коронавируспен соғыста қаза тапқан біздің еліміздің нағыз батырлары.Кез-келген соғыстағы сияқты, біздің парызымыз - қаза болған батырларды есте сақтау және құрметтеу, сонымен бірге асыраушының жоғалуына байланысты онсыз да онша емес материалдық жағдайы одан сайын зардап шеккен олардың отбасылары туралы ұмытпау керек.#KustoHelp қайырымдылық қоры қайтыс болғандардың отбасыларына қаржылық көмек түрінде материалдық көмек бөлуге шешім қабылдады. Қор қызметкерлері қайтыс болғандардың туыстарымен байланысып, көмек қабылдауға келіскен 141 отбасын анықтады. 2020 жылғы 10-14 тамыз аралығында #KustoHelp қайырымдылық қоры медицина қызметкерлерінің әрбір отбасына 1 млн.теңгеден аударды - барлығы 141 млн. теңге. Қамтылмаған отбасылар бойынша жұмыс жалғасуда, өйткені нақты емес байланыс деректері бар немесе туыстары байланысқа шықпайды.
Біз бизнес-қоғамдастықты және Қазақстанның бей-жай қарамайтын азаматтарын қаза тапқан дәрігерлердің отбасыларын қолдауға шақырамыз. Біз медицина қызметкерлерінің отбасылары осыны бағалайтынына және олардың қаза тапқан туыстары мен жақындары туралы еліміздің адамдары тек сөзбен ғана емес, іспен алғыс айтқаның сезінетініне сенімдіміз. Қайтыс болған дәрігерлер олардың отбасыларына жақында өздері бізге қамқорлық жасағандай қамқорлық көрсеткенімізді көрсе бақытты болар еді.
#KustoHelp қайырымдылық қоры туралы:
#KustoHelp қайырымдылық жобасын Kusto Group халықаралық компаниясы құрған және Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус пандемиясы себебінен жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Карантин кезеңінде көмектің жалпы көлемі 1 057 654 502 теңгені құрады. Төменде халыққа және дәрігерлерге көрсетілген көмектің негізгі бағыттары көрсетілген.
Бүкіл Қазақстан бойынша 12 000-нан астам отбасына "Я Алматинец", "Клуб Добряков" және т. б. волонтерлік ұйымдардың қолдауымен жалпы сомасы 153 млн. теңгеге азық-түлік жиынтығы берілді.
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі үшін 1 шағын автобус және Қостанай мен Жамбыл облыстарының аудандық ауруханалары үшін 2 реанимобиль сатып алынды.
Бүкіл Қазақстан бойынша 100-ге жуық медициналық мекемелерге жалпы сомасы 294.3 млн.теңгеге жеке қорғану құралдары, дәрі-дәрмектер және жабдықтар түрінде көмек көрсетілді.
150 кіші медицина қызметкеріне жалпы сомасы 17 млн. теңгеге атаулы материалдық көмек көрсетілді.
Қазақстанның 50-ден астам ауруханасының дәрігерлері мен пациенттерін тамақтандыру үшін 176 млн.теңге сомасына KazBeef 80 тонна ет өнімі жеткізіледі.
2020 жылғы 15 тамызда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауымен дәрі-дәрмектер - 55 000 Левофлоксацин қаптамасы және 28 330 Меропенем құтысы Қазақстанның облыстық және қалалық ауруханаларына таратылуы үшін "СК Фармацияға" берілді. Көмектің жалпы сомасы 86.7 млн. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жасаған тізімдер бойынша коронавирус салдарынан қайтыс болған 141 медицина қызметкерлерінің отбасына материалдық көмек көрсетілді.
Тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда, #KustoHelp көпбалалы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға және салуға көмек көрсетуде. Тұрғын үй бағдарламасының жалпы сомасы 90.4 млн. теңгені құрайды.
Семей, Шымкент, Жамбыл және Қызылорда облыстарының оқушыларына 19 млн. теңге сомасына 410 планшет берілді.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

