06.10.2015, 18:48 4088

"Күз-2015" шақырылымыныӊ жас толықтыруын алғашқы жөнелту жоспарланды

"Күз-2015" шақырылымыныӊ жас толықтыруын алғашқы жөнелтудіӊ күні анықталды. Алдын ала шақырылушылар 19 қазаннан бастап Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери бөлімдеріне жөнелтіледі. Қазір Қарулы Күштері, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ бөлімдері үшін әскери командаларды алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде

Астана. 07 Қазан. Kazakhstan Today - "Күз-2015" шақырылымыныӊ жас толықтыруын алғашқы жөнелтудіӊ күні анықталды. Алдын ала шақырылушылар 19 қазаннан бастап Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери бөлімдеріне жөнелтіледі. Қазір Қарулы Күштері, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ бөлімдері үшін әскери командаларды алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ сарбаздардыӊ алған мамандықтары, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

1 қазанда елімізде күзгі шақыру кампаниясы басталғанын естеріӊізге сала кетейік. Аудандық және облыстық комиссия шақырылушыларды медициналық куәландыруды, жеке істерді зерделеуді жүзеге асырады, ата-аналарымен түсіндірме жұмыс жүргізеді.

Осы күзде мерзімді әскери қызметке кейінге қалдырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыӊнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда. Олардыӊ 4000-ға жуығы Қарулы Күштердіӊ бөлімдерінде қызмет ететін болады.

Шақыру кампаниясы басталысымен арнайы "қауырт желі" жұмысын бастағанын айта кеткен жөн. Азаматтарға ҚР Қарулы Күштері мен Бас әскери-медициналық басқармасыныӊ мамандары кеӊес береді. Сұрақты 8 (7172) 72-13-89, 72-13-82, 39-33-37 телефондарына қоӊырау шалу арқылы қоюға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны