02.04.2020, 13:03 7183

KZ-CERT "COVID-19 компьютерлік вирустарын" анықтады

Коронавирус COVID-19 пандемиясы туралы ақпараттың жоғары сұранысын пайдалана отырып, зиянкестер мобилді құрылғы мен жұмыс станциясына жүктелгенде оларды жарақаттайтын: 11 ғаламтор-ресурстарын, Android операциялық жүйесіне арналған 5 мобильді қолданба және Windows операциялық жүйесіне арнап 5 файл жасап шығарды.

Алматы.2 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандық Интернет желісі сегментін ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне тексеріс жұмыстарын жүргізгенде, KZ-CERT қызметі құрамында зиянды бағдарламалық қамтамасыздандыру бар бірнеше ғаламтор-ресурстарын, мобильді құрылғылар мен жұмыс станцияларына арналған қолданбаларды тапты.

Коронавирус COVID-19 пандемиясы туралы ақпараттың жоғары сұранысын пайдалана отырып, зиянкестер мобилді құрылғы мен жұмыс станциясына жүктелгенде оларды жарақаттайтын: 11 ғаламтор-ресурстарын, Android операциялық жүйесіне арналған 5 мобильді қолданба және Windows операциялық жүйесіне арнап 5 файл жасап шығарды.

Анықталған инцидент түріне "жоғары деңгейдегі қауіп" дәрежесі берілді. KZ-CERT сарапшылары табылған зиянды бағдарламаларды егжей-тегжейлі зерттеу үстінде.

Жұмыс станциясы мен мобильді құрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KZ-CERT қызметі сіздерге лицензияланған вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы орнатуға, құрылғыңызды зиянды бағдарламаларға тексеріп отыруға және келесі қолданбалар мен файлдарды жүктемеуге кеңес береді:

Android-қа арналған қолданбалар:

- Coronavirus Tracker;

- Corona Info;

- Corona Takip Uygulamas?;

- Сorona live 1.1.apk;

- Corona Vs Tencent.

COVID-19 туралы зиянды Windows файлдар:

- setup_who.exe;

- Corona-virus-Map.com.exe;

- Cirilic.exe;

- 2019_nCoV_Application_Test.doc

- CIC.exe;

- YAS25.exe.

АҚ мамандарын төмендегі статистикалық IP-мекен-жайлардың деректерін қауіпсіздік периметрінің маршруттауыштар мен құрылғылардың қара тізіміне енгізу керектігін ескереміз:

1. coronavirusstatus.space;

2. faceboook.beget.tech;

3. coronavirusaware.xyz;

4. gulf-builders.com;

5. whoer-vpn.net;

6. ruisgood.ru;

7. gisanddata.maps.arcgis.com;

8. tidy-saiki-6718.deci.jp;

9. 81.103.35.44;

10. 37.1.212.70;

11. 176.113.81.159.

Қазақстан Республикасындағы коронавирус COVID-19 жайлы расталған ақпарат www.coronavirus2020.kz ресми ғаламтор-ресурсында, сонымен қатар https://t.me/coronavirus2020_kz. телеграм-арнасында орналасқанын ескертеміз.

Осы сияқты күдікті ғаламтор-ресурстарын және қолданбаларды анықтаған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі арқылы хабарлауға немесе http://www.kz-cert.kz/ru/form, https://t.me/kzcert сілтемелері бойынша өтініштер жіберуге шақырамыз. Сондай-ақ [email protected] электрондық мекенжайға хат жолдауыңызға болады.

"KZ-CERT" Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны