24.04.2018, 14:36 5058

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Ауған соғысыныӊ жылнамасы: кітаптар мен деректер қорыныӊ" ресми ашылуы өтті

Ауған даласында қан төккен кеӊес әскерлерініӊ қатарында, одақтас республикалардыӊ бірі саналған қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан жауынгерлердіӊ табытпен елге оралғандары аз емес. Оған 22 мыӊ қазақстандық қатысып, олардыӊ 761-і ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 24 сәуірі күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми кітапханасында Ауған соғысыныӊ ардагері, ғалым-журналист Біржан Белғара атындағы "Ауған соғысыныӊ жылнамасы: кітаптар мен деректер қорыныӊ" ресми ашылуы өтеді.

Ауған соғысыныӊ басталуыныӊ 40 жылдығы (1978 жылдыӊ сәуір айы) және Кеӊес әскерлерініӊ Ауғанстан жерінен шығарылуыныӊ 30 жылдығы (1979 жылдыӊ 15 ақпаны) қарсаӊында ашылғалы отырған Ауған соғысыныӊ ардагері, ұлт патриоты, журналист-ғалым Біржан Белғара атындағы "Ауған соғысыныӊ жылнамасы: кітаптар мен деректер қорында" негізінен Ауған соғысына қатысты Қазақстандағы және шетелдердегі жарық көрген кiтаптар және деректер (қолжазба, естелік, хат, фото, аудио-видео және т.б.), журналист-ғалымныӊ ауған соғысы, оқу-ағарту, ғылыми-зерттеу және танымдық бағыттағы еӊбектері жинақталады.

Қазақ тарихыныӊ ХХ ғасырдағы қасіретті беттерініӊ бірі - Ауған соғысына (1979 жылдыӊ 25 желтоқсаны - 1989 жылдыӊ 15 ақпаны аралығында) КСРО Қарулы күштері де араласты. 1979 жылы кеӊес әскерлерініӊ шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Ауған даласында қан төккен кеӊес әскерлерініӊ қатарында, одақтас республикалардыӊ бірі саналған қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан жауынгерлердіӊ табытпен елге оралғандары аз емес. Оған 22 мыӊ қазақстандық қатысып, олардыӊ 761-і ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

Ауған соғысына қатысушы, ұлт патриоты, журналист-ғалым Біржан Байғараұлы Белғараныӊ Ауған соғысы тақырыбына "Бачалар немесе Ауғанстан жерінде әскери борыштарын абыройлы өтеп қайтқан екі жас туралы", "Ауғанда атам үшін соғысқаным жоқ немесе ешкім де, ештеӊе де ұмытылмауы тиіс", "Үзілмеген үміт әні", "Даӊққа дақ түсірме, ұлым!", "Қара қызғалдақпен келген табыт", "Соғыстан соғыстыӊ айырмасы жәрдемақы көлемімен ғана өлшене ме?" және басқа да проблемалық мақалалар, "Жетпіс тоғызыншы жылғы жесір", "Ақ өлім" атты әӊгімелер жазған.

ХХ ғасырдағы қасіретті тарих - Ауған соғысы туралы Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев: "Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыӊдаған өмір қиылды, бәрібір кеӊес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?" - деген болатын. Бұл соғыста Отаны үшін жанын пида қылған өрімдей жас жігіттердіӊ есімдерін мәӊгі есте сақтап, құрметтеу, отансүйгіштіктіӊ үлгісі ретінде насихаттау елдігіміздіӊ бір белгісі екені анық. Сондай-ақ, Ауған соғысы ардагерлері мен Отан үшін қыршыннан қиылған, жат жерде көз жұмған жауынгерлердіӊ ерлігі туралы кітаптар мен деректер қорын қалыптастырудыӊ, соғыс тарихыныӊ ақтаӊдақтарын ашып, зерттеудіӊ қазақстандық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға және отандық патриотизмдi арттыруға жұмылдыратын танымдық әрі тәрбиелiк тағылымы мол.

Ауған соғысыныӊ ардагері, журналист-ғалым Біржан Белғара атындағы "Ауған соғысыныӊ жылнамасы: кітаптар мен деректер" қоры атқаратын барлық жұмыстары біріншіден, ел Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып, ұлттық рухпен шыӊдалған, жаӊа заманға лайық жастардыӊ рухани болмысын сомдау, екіншіден, Ауған соғысына қатысты кітаптар мен деректерді бір қорға жинап, жүйелеу, оқырманға қызмет көрсету, үшіншіден, жаһандық мәдениет, білім, ғылымныӊ жетістіктерін игеру бағытында жүргізіледі.

Аталған қордыӊ ресми ашылуына Ауған соғысыныӊ ардагерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер, БАҚ өкілдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, кітапхана қызметкерлері қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны