13.08.2019, 23:46 8589

"Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы бойынша меморандумға қол қойылды

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

Нұр-Сұлтан.13 тамыз. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы білім және ғылым және ақпарат және қоғамдық даму министрліктері арасында "Әлеуметтік студенттік кредит" жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды (ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан - вице-министр Фатима Жақыпова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі - вице-министр Данияр Есин).

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған. Жастар жылы аясында студенттерді әлеуметтік және қоғамдық - пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған "Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы басталады.

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық-пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады.

Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады:

1) 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит;

2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит.

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

"Әлеуметтік студенттік кредит" жобасын іске қосу ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі "Qazvolunteer.kz" волонтерлердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

Анықтама: Волонтерлердің бірыңғай интернет платформасы "Qazvolunteer.kz" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ-мен бірлесіп әзірледі.

Онлайн-платформа qazvolunteer.kz волонтерлік қызметке қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктерін құруға, Қазақстанның волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарының қызметін үйлестіруге, волонтерлік жобаларды/бағдарламаларды/акцияларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Платформада кез келген адам онлайн-тіркеуден өтіп, волонтерлік қызметке қосыла алады.

Қазіргі уақытта платформада 1400 волонтер, 60-тан астам волонтер ұйымдары тіркелген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны