15.02.2012, 12:44 3313

Лотерея тарихындағы ең ірі ұтыстың жеңімпазына іздеу жарияланды

АҚШ-та лотерея тарихындағы ең ірі ұтыстың жеңімпазына іздеу жарияланды. Бейтаныс жан өткен сенбіде 336 миллион доллар ұтып алған. Алайда айы оңынан туған ол қомақты жүлдесін алуға әлі келмеген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Лотерея тарихындағы ең ірі ұтыстың жеңімпазына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-та лотерея тарихындағы ең ірі ұтыстың жеңімпазына іздеу жарияланды. Бейтаныс жан өткен сенбіде 336 миллион доллар ұтып алған. Алайда айы оңынан туған ол қомақты жүлдесін алуға әлі келмеген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ірі ұтыстың иегері Ньюпорт штатындағы Ройд-Аленд қаласындағы сауда орындарының бірінен лотереяны бар-жоғы 9 долларға сатып алған. Ойынды ұйымдастырушылар ұтыс иесі қомақты қаржыны жылдың соңына дейін алып кетуге мүмкіндігі бар екенін айтады.

Бақытты жанның бағы Пауэрбол лотереясының жүргізушісі ойын лохотронда кездейсоқ түсе қалған сандарды алу барысында анықталыпты. Жаңа миллионердің есімі 175 миллион билеттің ішінен таңдалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны