24.07.2013, 11:44 3136

М.Иблязовтың әйелі мен қызы Италияға қайта оралуы мүмкін

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, заң тұрғысынан А.Шалабаева мен оның қызының Италияға қайтуы жоққа шығарылмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің италиялық "Corriere della Sera" газетінің редакциясына берген ресми жауабында айтылған. Сұрақтар қашып жүрген банкир Мұхтар Иблязовтың әйелі А.Шалабаеваға қатысты болды.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - М.Иблязовтың әйелі мен қызы Италияға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, заң тұрғысынан А.Шалабаева мен оның қызының Италияға қайтуы жоққа шығарылмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің италиялық "Corriere della Sera" газетінің редакциясына берген ресми жауабында айтылған. Сұрақтар қашып жүрген банкир Мұхтар Иблязовтың әйелі А.Шалабаеваға қатысты болды.

Бірқатар италиялық БАҚ М.Иблязовтың әйелі мен қызының депортациясына байланысты оқиға Италияда үкіметтік дағдарысқа әкелуі мүмкін деп болжам жасауда.

"Corriere della Sera" басылымының "Иблязов отбасының Италияға қайта оралуына мүмкіндік бар ма?" деген сұрағына, ҚР СІМ "Бұл мәселенің ішкі саяси үдерістерге ықпал етуі М.Иблязовтың отбасы мүшелерінің Италияға қайтуы туралы мәселені заңдық маңызды дәлел етпейді" деп жауап берді.

"Бұнымен қатар, заң тұрғысынан А.Шалабаева мен оның қызының Италияға қайтуы жоққа шығарылмайды", - деп хабарлады ҚР сыртқы саяси ведомствосы.

СІМ хабарлауынша, бұл үшін Алма Шалабаева қазақстандық құзыретті органдарға кедергісіз қозғалып тұруға, сонымен қатар шет елдерде еркін жүруге өтініш білдіріп, кепілдік беруі керек. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасына Римнің кепілдігі керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны