14.11.2019, 19:09 12027

"Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубы ашылды

Іс-шараны ұйымдастырушы-Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Елордадағы Достық үйінен "Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубы ашылды.

Бүгін, елордадағы Достық үйінде "Мәміле" атты қазақ тілі пікір алмасу клубының ашылу рәсімі болып өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы-Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Аталған маңызды шараға елордалық ЭМБ және жастар қанатының мүшелері, қазақ тілі пәнінің оқытушылары және ана тіліне жанашыр қауым қатысты.

Іс-шара модераторы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ляззат Сейітқазықызы Құсайынова елордадағы Достық үйінен ашылып отырған "Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубының маңызын атап өтіп, мемлекеттік тіл аясын кеңейтуге байланысты ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді. "Жалпы биылдың өзінде төл мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді, ана тілімізді және барлық саланы дамытуға бағытталған бірқатар істер атқарылды. Соның бастысы ретінде "Қазақтану-ел бірлігінің негізі" атты ауқымды шараны атап өтуге болады. Бұл ретте "Рухани" жаңғыру бағдарламасы аясында да көлемді істер атқарылды. Негізінен, біз мемлекеттік тіл маңызын арттыру арқылы түрлі саладағы ауқымды жұмыстарды еңсеруге өз үлесімізді қосып келеміз. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі ашылып отырған "Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубының маңызы өте ерекше",-деді Л. Құсайынова.

"Мәміле" жобасының жетекшісі, "Ситуативный казахский" әдістемесінің авторы Қанат Тасыбеков, "Тен" лингвоорталығының жетекшісі Владислав Тен және профессор, философия ғылымдарының докторы Қазбек Қазкенов мемлекеттік тілдің маңызын атап өтіп, оны таза қалпында сөйлеу әрі жазу қажеттігіне басымдық берді. Қ. Тасыбековтің мәлімдеуінше, бүгінде республика бойынша бас-аяғы 17 "Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубы ашылыпты. Сонымен бірге, ол әр жылдары 3 том болып шығарылған "Ситуативный казахский" әдістемесінде тілге қатысты жеткілікті мәліметтердің қамтылғанын және тілді еркін меңгеруге болатындығын атап өтті.

Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қадырбай Нұрпейісов Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА "Мәміле" клубының модераторы болып ұсынылып, бұл бойынша атқарылатын істер бағыты талқыланды.

Қорытындысында шара қатысушыларына "Мәміле" пікір алмасу клубының сертификаттары табысталып, олар естелік суретке түсті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны