22.09.2019, 22:46 45002

Маңғыстау облысында Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай іс-шаралар ұйымдастырылуда

Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының тапсырысымен "Аңызға айналған абыз" циклі шеңберінде жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығы аясында "Ұлы дала шежіресі-архив деректерінде" фильмі дайындалып, тапсырылды.

Ақтау. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау мектептерінде елуге жуық "Әбіштану" кабинеттері ашылған.

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Былтырғы оқу жылында Маңғыстау облысында Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай барлық мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында түрлі бағытта мектепішілік танымдық-мәдени шаралар, ашық сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары, десант сабақтар ұйымдастырылған.

"Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы" атты рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушыларды жазушы өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру, оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында семинарлар өтіп, кемел елдің кемеңгер қаламгерінің еңбектерін насихаттау бағытында оның отбасымен үзеңгілес достары туралы бейнероликтер көрсетілген. "Әбіш өскен өлке", "Маңғыстау заңғары-Әбіш аға", "Қаламгер, қайраткер, саясаткер-Әбіш" тақырыптарында бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізіліп, "Маңғаз даланың заңғар тұлғасы" тақырыбында мәдени шара, Ә.Кекілбайұлының "Күй" повесі бойынша кітап конференциясы, "Аңызға айналған абыз" көркем сөз оқу байқауы өткізіліп, "Парасат биігінде" жазушының саяси қызметінен оқушыларға мәліметтер берілген.

"Облыстық "Маңғыстаунама-2018" танымдық шарасы Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына арналып, шараға облыс бойынша 26 мұғалім қатысқан. Шара барысында "Әбіш Кекілбаев шығармашылығы мен өміріне арналған оқу-танымдық кабинеттер байқауы", "Әбіш Кекілбаев шығармашылығынан мұғалімдердің десант сабақтар байқауы", "Әбіш Кекілбаев еңбектеріндегі даналық сөздер жинағын шығару" және "Туған жер өзің дегенде..." тақырыбымен Әбіш Кекілбаевтың бір шығармасы бойынша ізденіс жоба байқауы" өткізілді. Қорытындысында жеңімпаз мұғалімдер білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ наурыз айында оқушылар арасында өткен облыстық сырттай "Ә. Кекілбаев шығармаларынан суреттер" байқауына 13 оқушы қатысты ",-деді брифинг барысында Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы.

Сондай-ақ брифингте қыркүйек-қазан айларында аудан, қала мектептерінде Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай өтетін шаралар тізбесі айтылды. Олар:

Ақтау қаласы бойынша: "Қазағымның аңызы Ұлы Әбіш!" Маңғыстау ақындарымен кездесу, "Ұлылыққа тағзым" ақындар мүшәйрасы, мәнерлеп оқу, қойылымдар байқаулары;

Жаңаөзен қаласы бойынша: "Әбіш әлемі" ғылыми-конференциясы, Әбіш шығармаларын үш тілде оқу байқауы, "Туған жердің киесі, дархан дарын иесі" атты оқырмандар сайысы;

Бейнеу ауданы бойынша: Ә.Кекілбаевтың "Ұлы тұлға шығармаларының ерекшелігі" ашық тәрбие сағаттар, Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме байқаулары;

Түпқараған ауданы бойынша: "Дария ғұмыр", әдеби - танымдық кеш, "Ұлы руханияттың алып бәйтерегі - Ә.Кекілбайұлы" әдеби-сазды кеш, тақырыптық тәрбие сағаттар, жазушының шығармаларынан сахналық қойылымдар;

Қарақия ауданы бойынша: "Әбіш оқулары" және "Әбіш кабинеттерінің" байқаулары;

Маңғыстау ауданы бойынша: "Әбіш шыңы" шығармалар және "Абыз аға, Әбіш" байқаулары, "Алты алаштың Үркері" ақындар айтысы;

Мұнайлы ауданы бойынша: "Заманымыздың заңғар тұлғасы" танымдық көрмелер, "Абыз аға" шығармашылық жұмыстар, "Маңғаз Маңғыстаудың Марғасқасы" облыстық мұражайында танымдық сабақтар, әдеби-танымдық кештер өткізіледі.

Маңғыстау облысы мектептерінде 47 "Әбіштану" кабинеттері ашылған. Қазан айында Бейнеу ауданындағы Сам орта мектебінде тағы бір 1 кабинет ашылады. Мұғалімдер арасында облыстық "Ғұлама тұлға - ғибратты ғұмыр" тақырыбында облыстық сахналық қойылым байқауы және "Ә. Кекілбаевтың кеңістігі" атты облыстық және халықаралық ғылыми - теориялық конференциясы өтетін болады.

"Абыз аға - Әбіш" байқауының жеңімпаздарына арнайы шәкіртақы тағайындалады.

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

"Жақында, яғни 5 - ші қазан күні Білім - инновация лицей- интернатында ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай арнайы облыс әкімінің тапсырмасымен білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері арасында "Абыз аға - Әбіш" байқауы өткізілмекші. Шара 10 номинация бойынша өткізіледі. Колледж студенттері мен оқушылар арасында өткізілетін шараға 370 оқушы қатысады деп күтілуде. Жеңімпаздарға арнайы Маңғыстау облысы әкімінің бір реттік стипендиясы тағайындалады",-деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев."Әбіш оқулары" байқауының аймақтық кезеңі алғаш рет 2017 жылы ұйымдастырылды. "Әбіш оқулары" байқауының мақсаты: Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру болып табылады. Оған Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарынан оқушылар қатысты. 2018 жылдан бастап бұл шара дәстүрлі түрде республикалық деңгейде өткізіліп келеді. Биылғы жылы "Әбіш оқулары" байқауының республикалық кезеңі Ақтау қаласында өткізілді. Шараға республика көлемінен 160-қа жуық оқушы қатыстырылды. 4 номинация бойынша жүлдегерлер анықталды. Сондай ақ, бірнеше жылдан бері балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту мен зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және Ә.Кекілбаевтың ұлағатты мұраларын зерттеу мен насихаттау мақсатында "Әбіш әлемі" ғылыми-тәжірибелік конференциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл шара облыстық мұражай әкімшілігі мен "Әбіш әлемі" журналы баспасымен бірігіп өткізілетін бірден бір шара.

Ә.Кекілбаевтың "Ұйқыдағы Арудың Оянуы" кітабының желісі бойынша көркем-танымдық деректі фильм түсірілуде.

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының тапсырысымен "Аңызға айналған абыз" циклі шеңберінде жазушы

Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығы аясында "Ұлы дала шежіресі-архив деректерінде" фильмі дайындалып, тапсырылды. Фильмнің бас продюсері Оралбек Сарыбасов, режиссері Ақбөбек Тұлжан, сценарий авторлары Бақтыбай Жайлау мен Ақбөбек Тұлжан. Алпыс минуттық фильмнің редакторы Бақтыбай Жайлау. Сондай-ақ Маңғыстау облыстық білім басқармасының тапсырысы бойынша О.Сарыбасовтың жетекшілігімен Ә.Кекілбаевтың "Ұйқыдағы Арудың Оянуы" атты кітабының желісі бойынша, көркем-танымдық деректі фильм түсіріліп жатыр. Сценаридің авторы әрі қоюшы-режиссері Ақбөбек Тұлжан фильмнің кеңесшісі Алқажан Еділхан және Бақтыбай Жайлау. Елу минуттық деректі фильм қазан айының соңғы он күндігінде дайын болады.

Әбіш Кекілбаевқа арналып өткізілген шаралар туралы ақпарат

2007 жылы 5-11 сыныптарға арналған "Әбіштану" факультативтік курсының бағдарламасы дайындылды.

2009 жылы Маңғыстау облыстық біліктілік артыру институты "Әбіштану" факультативтік хрестоматиясын шығарды.

Бүгінде облыста 47 мектепте "Әбіштану" кабинеті жұмыс жасайды және барлық мектепте факультатив сабағы жүргізіледі, 15875 оқушы қатысады. 2014 жылы қараша айында оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, туған елге, жерге, оның азаматтарына құрметпен қарау және патриоттық тәрбие беру мақсатында "Маңғыстаунама" облыстық сайысы дархан дарын иесі, алты Алашқа танымал тұлға, сөз өнерінің қас шебері Әбіш Кекілбаевтың 75 жылдығына арналып өткізілді.

"Маңғыстаунама-2014" журналы шығарылды. Мұғалімдердің шығармашылығын шыңдауда "Ә.Кекілбаевтың туындыларының тәрбиелік мәні", "Әбіш әлемі" тақырыптарында облыстық ғылыми-практикалық конференция, мұғалімдердің панорамалық сабақтар байқауы өткізілді.

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен "Әбіштанушы" Жанбибі Дүйсенбаева 250 қазақ тілі мұғалімдеріне семинар өткізіп тәжірибе алмасты. 2016 жылы 5-8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Ә.Кекілбаевтың шығармаларын жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында насихаттау мақсатында І аймақтық "Әбіш оқулары" байқауы ұйымдастырылды, байқауға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан 56 оқушы қатысты. 2016 жылы Сайын Назарбекұлының жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре өсіру, ынтымақ - бірлікке тәрбиелеу турасындағы ой- толғаулары тақырыбында "Менің Әбішім" атты 200 дана кітабы шықты, мектептерге берілді. 2019 ж. қыркүйек айында Ақтау қаласында Білім инновация лицейінің базасында республикалық "Әбіш әлеміне саяхат" рухани орталығы ашылды. Сайын Назарбекұлының "Жеті күн, жеті ғасыр" кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. 2017жылдан бастап білім беру ұйымдары арасында оқушыларға дәстүрлі респубикалық "Әбіш оқулары" байқауы 9 бағыт бойынша өткізіліп, 16 облыстан дарынды Әбіштанушылар қатысып келеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны