19.03.2020, 19:05 5260

Маңғыстау облысының қоғамдық көлік автобустарына әр 2 сағат сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

Маңғыстау, Бейнеу вокзалдары бойынша санитарлық-карантиндік бақылау күшейтіліп, ғимараттар қоршалды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today -Маңғыстау облысының қоғамдық көлік автобустарына әр 2 сағат сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі .

Дезинфекциялауға жавель, хлор препараттары пайдаланылады. Дезинфекциялау жұмыстарын күнделікті көлік жүргізушілері мен жолсеріктер жасайтын болады. Сонымен қатар, әр маршрут бағыты бойынша тиісті мекемелермен келісімшарт жасалды. Қоғамдық көлікте бекітілген талаптарға сай жауапты мекемелер кешкі рейстен шыққан соң, автобазаның ішінде тазалау жұмыстарын жүргізеді. Ал жүк тасымалдарына қатысты тамақ өнімдерін, халық тұтынатын және медициналық тауарларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүктерді және почта жөнелтілімдерін автомобиль көлігімен халықаралық екі жақты және транзиттік қатынаста тасымалдау шектелмейді.

Сонымен қатар жүргізушілер халықаралық қатынаста автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде:

1. Жүргізуші белгіленген УСҚ-да қатаң түрде жүруі, өз автокөлігінің кабинасында болуы тиіс және өз бастамасы бойынша жанар-жағар май станцияларынан, азық-түлік дүкендерінен, авто үшін арнайы жабдықталған тұрақтардан немесе автокөлік сынған жағдайда ТҚС-дан басқа қандай да бір орындарға бармауы тиіс.

2. Егер жүргізуші өзінің ЖРВИ белгілерін байқаған жағдайда, ол өз автомобилінің кабинасында қалуы, 103 немесе 112 телефондарына қоңырау шалу, өзінің жағдайы, автомобильдің тұрған жері, кабинадағы адамдардың саны туралы хабарлау және жедел жәрдем көлігінің келуін күту керек.

3. Автомашинаны кедендік тазартқаннан және түсіргеннен кейін шетелдік тасымалдаушы автокөлікті тиеуге және жүкті кедендік ресімдеуді қатаң түрде тиеу және кедендік ресімдеу орнында болу шартымен жүзеге асыруға тиіс.

4. Тиеуді күту кезінде автомобиль және жүргізуші жүк автомобильдеріне арналған арнайы тұрақта болуы мүмкін.

5. Жүк тиелгеннен және кедендік ресімдегеннен кейін жүргізуші Қазақстан Республикасында болу шарттарын сақтай отырып, ол арқылы Қазақстан Республикасынан кетуі тиіс АӨҚ-ның шекарасына қатаң түрде ұстануға тиіс.

6. Шетелдік тасымалдаушының баратын жеріне бару және кері қайту жолында жүргізушінің Халықпен, сондай-ақ бақылаушы органдардың өкілдерімен байланысын барынша азайту қажет.

Қазақстан Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімімен мынадай өзгерістер енгізілді: Қазақстан аумағына 1А және 1Б санатындағы елдерден жүргізушілер, сондай-ақ 1А және 1Б санатындағы елдерде соңғы 15 тәулік болған басқа мемлекеттердің жүргізушілері Қазақстан аумағына кіруге арналған өткізу пунктіне келген кезде жүктерді өткізуге автомобиль өткізу пунктінің аумағында жүргізушіні карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып не қазақстандық тартқыштарға ауыстыра отырып, ауыстырған жағдайда жол беріледі.

Маңғыстау, Бейнеу вокзалдары бойынша санитарлық-карантиндік бақылау күшейтіліп, ғимараттар қоршалды.

Вокзал қызметкерлері COVID-19 вирусының алдын-алу бойынша арнайы сақтық шараларын жүргізуде. Маңғыстау, Бейнеу вокзалдарының LED экрандарында тәулік бойы 2 тілде "короновирустан қалай қорғану керек" атты бейнероликтер көрсетіледі. Санитарлық өңдеу әрбір 2 сағат сайын жүргізіледі. Короновирустық инфекцияның таралуынан сақтану үшін вокзалда үгіт-насихат материалдары және ақпараттық стендтер орналастырылған.

2020 жылдың 16-наурызынан бастап 14 халықаралық жолаушылар поезды, Маңғыстау-Нүкіс, Маңғыстау-Астрахань маршурты бойынша тікелей қатынайтын тіркеме вагондар рейстері тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны