05.03.2020, 23:17 7680

Маңғыстауда 25 мыңға жуық кәсіпорынды әйелдер басқарады

Бұл туралы Маңғыстау облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салихова Сәуле Халелқызы мәлімдеді.

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Маңғыстауда 25 мыңға жуық кәсіпорынды әйелдер басқарады.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салихова Сәуле Халелқызы мәлімдеді.

Бүгінде қоғамда іскер әйелдердің бейнесі нығайып, ер азаматтармен иық тірестіріп бизнес жүргізу қиындықтарын жеңіп келеді. Бұған біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар ықпал етуде. Оған дәлел, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 240 жұмыс орнымен 1 500,7 млн. теңге сомасына 53 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, "қарапайым заттар экономикасын" дамыту бағдарламасы аясында 1 526,0 млн. теңге сомасына 15 жоба мақұлданып, 187 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы 283 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1 082,7 млн. теңгеге 211 шағын несие және "Нұр Капитал" жобасы шеңберінде 92 млн.теңге сомасына 283 жұмыс орнын құрумен 49 жобаға несие берілді.

"Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы көрсеткіш 22,9% - ға дейін өсті. Әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі табысты дамыту үшін жинақталған тәжірибені ескере отырып, біз үкіметтік емес саламен тығыз ынтымақтасамыз. Бизнесті дамыту бағдарламаларында "Көшбасшылық сабақтары", "Жетістік тарихы" бағдарламасына кіретін әйелдер бизнесін жүргізу бойынша ақпараттық және оқыту семинарларын, яғни өңірдің танымал кәсіпкер әйелдерінің қатысуымен интерактивті сабақтар өткізуге баса назар аударылды",-дейді МО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Кәсіпкерлікпен белсенді айналысатын әйелдердің саны жағынан республика бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Мәселен, облыста экономиканың түрлі салаларында 55 мыңға жуық кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істейді, оның ішінде 25 мыңға жуығын әйелдер басқарады. Әр түрлі салаларда 146 мың әйел жұмыс істейді-бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48 пайызын құрайды. Бүгінде жеке кәсібін ашып, даму жолына аяқ басуға ниет еткен нәзік жандыларға несие алудагы женилдиктер мен арнайы гранттар қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны