17.07.2007, 14:58 2919

Мәдениет министрлігі 2008 жылы іс жүргізуді қазақ тіліне аударатын автоматтандырылған жүйені құрмақшы

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2008 жылы іс жүргізуді қазақ тіліне аударатын автоматтандырылған жүйені құрмақшы. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитетінің төрағасы Ердан Қажыбек құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің комитет қазір мемлекеттік органдарда іс жүргізуді қазақ тіліне аударатын автоматтандырылған жүйе құру жөніндегі жобаны жүзеге асыруда, бастапқыда біз бұл жүйеге Мәдениет және ақпарат министрлігін қамтымақшымыз, қазір барлық мұрағат құжаттарын жинақтау және параллель мәтіндер базасын құру жұмыстары жүргізілуде", - деді Е. Қажыбек. "Меніңше, біз іс жүргізуді қазақ тіліне аударатын автоматтандырылған жүйені келесі жылы құрып үлгереміз. Осыдан кейін оны барлық министрліктерге таратуға болады", - деді ол.

Өз кезегінде қаржы министрі Наталья Коржова "бұл жүйені бірінші кезекте қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау және әділет министрлігі секілді "пилотты" министрліктерге енгізу қажет" деген ұсыныс білдірді.

Ал ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құжаттарды қазақ тіліне аударатын мұндай автоматтандырылған жүйені тек мемлекеттік мекемелерге ғана таратумен шектелмеу керек деген ұсыныс жасады. "Новосибирскіде бір жақсы тәжірибе бар, онда итальян тілінен орыс тіліне аударатын жүйе жасалған. Итальяндықтар Ресейге хат жазғысы келсе, онда олар арнаулы серверге кіреді. Онда белгілі бір ақыға электронды түрде жолданатын аударма дайындалады", - деді ол. "Біз де Қазақстанда да хаттарды қазақ тіліне аударатын 5-6 оператор жұмыс істейтін сервер құра алар едік", - деді Қ. Есекеев. Сонымен бірге, оның пікірінше, осы серверде жұмыс істейтін операторлар "мәтіндерде жиі кездесетін сөз тіркестері мен сөйлемдердің базасын құрастыра алады". "Одан белгілі бір этимологиялық анықтамалық пайда болар еді. Ол тұтынушыға өз бетімен белгілі бір аяда мәтіндер құрастыруға мүмкіндік бере алады. Соның нәтижесінде тілдік кедергіні жоюға көмексетесін схема жасалып, қазақ тілі тіптен тез таралар еді", - деді ол.

Қ. Есекеевтің айтуынша, бұл салада мемлекеттік холдингтердің, немесе, министрліктердің бірі оператор бола алады.

Ұсынысты тыңдаған премьер-министр Кәрім Мәсімов оны "өте қызықты әрі дұрыс" деп сипаттай келе, оны үкіметтің оьырысының күн тәртібіне енгізу тураплы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны