08.08.2012, 13:27 3031

Мәдениет министрлігі бұқаралық шараларды өткізу туралы заң жобасын әзірлеуде

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттың негізгі бағыттарын айқындау жөнінде өткен кеңесте Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Мәдениет және ақпарт министрлігі Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында "Бұқаралық шараларды өткізу туралы" заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттың негізгі бағыттарын айқындау жөнінде өткен кеңесте Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, заң жобасынан бөлек ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік, ұлттық, кәсіби және басқа да мерекелерді мерекелеудің тұжырымдамасы жаңартылады. Бұқаралық шаралар өткізудің типтік ережелері әзірленеді.

"Бұдан басқа, мәдени жетістіктер мен ақпараттар алмасуды күшейту бойынша әкімдіктер тарапынан өңірлер арасында өзара "облыс апталықтарын" өткізу мәселесі қарастырылуда. Есте болса, бұндай шаралар өткен жылы Астанада сәтті жүзеге асқан болатын. Енді осы тәжірибе өңірлерге жұғыстырылады", - деді Д. Мыңбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны