08.08.2012, 11:17 3155

Мәдениет министрлігі отандық әлеуметтік-мәдени өнімді жаңғыртудың бесжылдық жоспарын әзірлеуде

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәдениет және ақпарт министрлігі Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау шеңберінде отандық әлеуметтік-мәдени өнімді жаңғыртудың бесжылдық жоспарын әзірлеуде.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Мәдениет министрлігі отандық әлеуметтік-мәдени өнімді жаңғыртудың бесжылдық жоспарын әзірлеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәдениет және ақпарт министрлігі Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау шеңберінде отандық әлеуметтік-мәдени өнімді жаңғыртудың бесжылдық жоспарын әзірлеуде.

Бүгін Астанада Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттың негізгі бағыттарын айқындау жөнінде өткен кеңесте Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.

Еске сала кетсек, Елбасының бағдарламалық мақаласында мәдениет саласында отандық өнімдерді құру мен алға жылжытуға қатысты зор міндеттер жүктелген еді. "Мемлекет басшысы еліміздің шығармашылық зиялы қауымына қарата айтқан сөзінде, еңбек адамына, өз ісінің нағыз маманына арналған, әлеуметтік бағдарланған фильмдердің, кітаптардың, театр қойылымдары мен телебағдарламалардың тапшылығына жіті назар аудартқан болатын. Расында, бізде жарнамаланатын еңбек ерлері жоқ, жұмысшы кәсібіне табынушылық та болмай отыр", - деді өз сөзінде министр Дархан Мыңбай.

Ведомство басшысы сондай-ақ, бүгінгі күні министрлікте отандық әлеуметтік-мәдени өнімдерді жаңғыртудың бесжылдық жоспарының жобасы әзірленіп жатанын жеткізді. Бұл жоспар негізінен еңбекке, адал кәсіби жетістікке, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниетке оң қатынастарды қалыптастыруды қарастырады. "Мен барлық мүдделі тарапты осынау бесжылдық жоспар құжатты қалыптастыруға белсенді түрде қатысуға және нақты ұсыныстар жасауға шақырамын. Баспа қызметінің, ақпараттық арналардың, баспа өнімдерінің, жаңа бағдарламалар шығарудың, тақырыптық сериалдар түсірудің репертуарлық саясатын қайта қарап, түзетулер енгізуге турасында толайым ұсыныстар күтеміз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны