17.07.2007, 15:30 2761

Мәдениет министрлігі тарихи ескерткіштердің мемлекеттік тізімін қайта қарамақшы

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007-жылы тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімін қайта қарамақшы. Бұл туралы мекеме басшысы Ермұхамет Ертісбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі қолданыстағы заңнамада нысанды мемлекеттік тізімнен шығаруға мүмкіндік беретін норма жоқ.... біздің елімізде, құдайға шүкір, Сталин мен Берияға ескерткіш жоқ, бірақ, Қазақстан аумағында Ленин мен Калининге тұрғызылған 100-ден астам ескерткіш бүгінгі күнге дейін осы тізімде тұр", - деді Е. Ертісбаев. "Елбасының қол қоюына ұсынылған тарихи және мәдени мұра жөніндегі жаңа заңда біз "тарихи және мәдени мұра" мәртебесін өзгерту және одан айыру принциптерін қарастырдық, сол себепті мемлекеттік тізім биылдың өзінде қайта қаралады", - деді министр.

Өз кезегінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі тіпті сонау КСРО министрлер кеңесінің 1982-жылғы қаулысымен бекітілгендігіне" министрдің назарын аударды. "Мен сізге осы мәселеге қайта бір қарауды ұсынар едім, сол сәттен бері көп нәрсе өзгерген шығар", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны