14.05.2021, 20:57 14077

Магистратура мен докторантураға түсу тәртібі электронды форматқа ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. 14 МАМЫР - Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов докторантура мен магистратураға түсу үшін емтихандар өткізу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы айтты.
 

Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктілерде өтеді. Бұл бізге "ректорлар тізімі" деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

 
Оның атап өтуінше, докторантураға түсуге үміткерлер эссені де, басқа да тапсырмаларды да компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазады.
 

Өткен жылы біз магистратураға түсушілердің емтихандарын пилоттық режимде электрондық форматта қабылдадық. Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Бұдан былай магистратураның емтихандары осы форматта өтеді", - деді ол.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны