25.07.2016, 20:09 4353

Мақтаралда жыл басынан бері 8 елдімекен ауыз сумен қамтылған

Мақтарал ауданындағы 174 елді мекенде ұзындығы 1885 шақырым болатын қолданыстағы су құбыры бар.

Шымкент. 25 шілде. Kazakhstan Today. Жыл басынан бері Мақтаралда 8 елді мекен ауыз сумен қамтылды. Тәулік бойы тіршілік нәрі беріліп жатқан ауылдардыӊ ішінде С.Сейфуллин, Құлшығаш, Жамбыл елді мекендері де бар, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

2015 жылы ауыз суды көрші ауылдардан тұтынып отырған аудандағы Андреев, Алпамыс, Достық, Сырабад, Ғ.Мұратбаев, Абай, Абат, Атамұра, Қарақыр сынды 9 елді мекенніӊ халқы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Нәтижесінде, бүгінге дейін аудандағы 24 сағат бойы таза ауыз су беріліп жатқан елді мекендердіӊ саны 64-ке жетті.

Елді мекендерді тіршілік нәрімен қамту жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бүгінгі таӊда мақталы өӊір - Мырзашөлдегі "Өӊірлерді дамыту" бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 355 млн. теӊгеден астам қаражат бөлініп, Нұрлы таӊ, Ырысты, Қ.Пернебаев, Табысты, Октябрь, Датқа, Дархан, Сайлау, Нұр, Тыӊ дала, Көкарал, Азат елді мекендеріндегі тозығы жеткен су құбырларын жөндеу, су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мақтаралдағы жер асты су қорыныӊ мөлшерін, сапасын, жарамдылығын анықтау мақсатында 2015 жылы 26 елді мекенде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілсе, 2016-2017 жылдарға 19 елді мекенніӊ жерасты су қорына іздеу-барлау жұмыстарыныӊ ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлдіруге салалық басқармаға ұсыныс беріліп отыр.

Жалпы, халқы күн санап өсіп жатқан Мақтарал ауданындағы 174 елді мекенде ұзындығы 1885 шақырым болатын қолданыстағы су құбыры бар. Бұл су құбырларында 225 дана ауыз су ұӊғысы, 165 су мұнарасы мен 12 су сақтағыш және санитарлық қорғау аймақтары халық игілігіне жұмыс істеп тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны