25.12.2020, 20:48 13772

Мамандар бағдарламаны жоғары бағалады

Қызылорда. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Nur Otan" партиясының Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрлан Түрғанбаев пен Жорабек Нұрымбетов үгіт-насихат жұмысы аясында "Қызылорда су жүйесі" мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде мекеме қызметкерлеріне үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы туралы кеңірек айтса, қатысушылар әртүрлі мәселелерді қозғады. 
 

"Қызылорда су жүйесі" МКК қаладағы стратегиялық маңызы бар мекеме санатында. Мұнда 700-ге тарта азамат қызмет етеді. Биыл салада ауқымды жұмыс атқарылды. Қаладағы су жүйесі мен кәріз жүйесінің 80 пайызы жаңарып, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Барлық жұмыс үрдісі цифрландыру бағытында дамып, жұмыс күші азайған. Сондықтан, "Nur Otan" партиясының өкілі ретінде осындай іргелі мекеме мамандарының түрлі саладағы ой-пікірін, ұстанымын білу алғашқы орында болары сөзсіз", - деді Жорабек Нұрымбетов. 

 
Жиында жұмыс барысын толық цифрландыру, қаладағы қалған 20 пайыз су және кәріз желілерін жаңарту жоспары талқыланып, мамандардың ұсыныс-пікірі тыңдалды. 
 
Шарада мекеме басшысы Марат Жәмиев пен мамандар үміткерлерге сайлауда жеңіске жетуге тілектес екендіктерін жеткізіп, бағдарлама бастамаларын жоғары бағалады. 
 
Айта кетейік, биыл шаһардағы су жүйесі айтарлықтай жаңарды. Түрлі деңгейдегі қаржыландыру көздері арқылы су және кәріз желілері жаңаруда. 
 

Nur Otan" партиясының Қызылорда облысы Қызылорда қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны