25.12.2006, 13:18 2865

Маңғыстау облысында автожол саласындағы зертхананы салуға республикалық бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді

АҚТАУ. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ақтауда "Маңғыстаужолзертханасы" мемлекеттік мекемесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік мекеме автокөлік жолдарын салу мен оларды жөндеу барысындағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу міндетін атқарады",- деді мекеме директоры Нұрлан Оразов.

Оның айтуынша, жабдықтарды сатып алу, монтаждау мен құрастыру жұмыстары бір жылға созылған. Республикалық бюджеттен 15 млн. теңге бөлініп, жобаны көлік және коммуникациялар министрлігі қаржыландырды. Барлық жабдықтар Ресейде өндірілген. Зертхана қызметкерлері республикалық жолдарда да жұмыс істейді.

Зертхананың басты міндеті - жол салуға пайдаланылатын материалдардың стандарттар мен сертификаттау талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу; жұмыстардың жобаға және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу; жабдықты бақылау тәсілдерін пайдалану арқылы жол салу жұмыстарының сапасына жаппай немесе іріктеме сараптамалар жүргізу болып табылады.

Стационар зертханада топырақ төсеніштің сапасы мен оны төсеу сапасы айқындалады. Зертхана компьютерлермен, гидравликалық және сынақтық тығыздау қондырғыларымен, вибрациялық алаңмен және басқа да заманауи жабдықтармен жабдықталған. Зертхана мамандары жерді қиыршық тас немесе топырақты-қиыршықпен "киіндіру" процессін, содан кейін асфальтты бетон төсеу барысын қадағалайтын болады.

Сонымен бірге мемлекеттік мекеме заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жаңаланып немесе жөнделіп жатқан жол шаруашылығы нысандарын бөгетсіз аралау, онда материалдар мен құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын жедел тексеру құқығына ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны