10.09.2018, 21:08 4486

Маӊғыстау облысында "Денсаулық" пойызы өз жұмысын жалғастыруда

Тұрғындарға тексеру, емдеу шаралары ақысыз жүргізіліп, кеӊестер беріледі.

Ақтау. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында "Денсаулық" пойызы өз жұмысын жалғастыруда.

"Денсаулық"пойызы Маӊғыстау облысында темір жол бойындағы ауылдарда өз жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс тұрыш ауылынан бастау алған пойыз, қазіргі таӊда Сам ауылына тоқтады. Ондағы ауыл тұрғындары балаларын жетелеп дөӊгелек үстіндегі емханаға ағылып келіп жатыр. Жұмыс кестесі таӊғы сегізден басталып, түскі бір сағаттық үзілісін қосқанда, кешкі сегізге дейін жалғасады. Дәрігерлердіӊ толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық жағдай бар. Вагондар интернет желісіне қосылған.

Тұрғындарға тексеру, емдеу шаралары ақысыз жүргізіліп, кеӊестер беріледі.

Поездға келген адамдардыӊ барлығын балаларды, ересек адамдарды және қарт адамдарды қабылдауға мүмкіндік бар.

Барлық дәрігерлер кеӊестер беріп, емдік - шараладыӊ барлық түрін жасап, кішігірім оталар жасайды.

Қабылдау, тексеру, зертхана сараптамалары, тіс дәрігерініӊ көмегі барлығы тегін, ақысыз жүргізіледі.

Денсаулық поездыныӊ жүру кестесі:

ст.Устюрт- 08.09.2018ж.сағ. 07:50 - 09.09.2018ж. сағ.23:20.;

ст.СайУтес - 10.09.2018ж. сағ. 01:05 - 12.09.2018ж. сағ. 05:50;

Разьезд 10 - 12.09.2018ж. сағ.07:00 - 12.09.2018ж. сағ. 23:31;

Шетпе - 13.09.2018ж. сағ. 01:10 - 15.09.2018ж. сағ. 03:25;

Курык - 15.09.2018ж. сағ.07:00 - 16.09.2018ж. сағ. 23:00;

Жетыбай - 16.09.2018ж. сағ. 23:45 - 18.09.2018ж. сағ. 22:40;

Жаӊаөзен қ. - 18.09.2018ж. сағ. 23:50 - 21.09.2018ж. сағ.05:15;

Болашак - 21.09.2018ж. сағ. 07:00 - 21.09.2018ж. сағ. 23:00;

Боранқұл- 22.09.2018 ж.сағ.18:05 - 25.09.2018ж.сағ. 06:15.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны