21.06.2007, 11:23 3951

Маңғыстау облысында "Қазақстан темір жолы" компаниясының темір жол бөлімшесі ашылды

АҚТАУ. 21-маусым. Kazakhstan Today. Маңғыстау станциясында "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Маңғыстау темір жол бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Рәсімді "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ-ның батыс өңір жөніндегі президентінің өкілі Амангелді Селбаев ашты. Ол темір жолшыларды көптен күткен елеулі оқиғамен құттықтап, рәсімге жиналғандарға "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Маңғыстау темір жол бөлімшесінің бірінші директоры нәжімеден Губашовты танытстырды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, "Темір жол тасымалының Маңғыстау бөлімінің ашылуы - облыс тарихындағы жаңа бет, маңызды оқиға болмақ. Оны өңірдің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі деп бағалауға болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны