17.12.2017, 18:49 4186

Маӊғыстау облысында Құқық қорғау қызметтері орталығы ресми түрде ашылды

Маӊғыстау облысында Елбасыныӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ жүзінші қадамын орындау барысында Құқық қорғау қызметтері орталығыныӊ ресми ашылуы салтанатты түрде өтті.

Ақтау. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында Елбасыныӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ жүзінші қадамын орындау барысында Құқық қорғау қызметтері орталығыныӊ ресми ашылуы салтанатты түрде өтті.

Орталық құқықтық қызметті бір жерге біріктіріп, азаматтардыӊ өтініштерін қарау жұмысын жаӊа әрі сапалы деӊгейге көтеруді көздейді. Жалпы аумағы 680 шаршы метр құрайтын ғимарат "бір терезе" қағидаты бойынша арнайы орындармен және қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Жоба мақсаты - орталық азаматтардыӊ мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деӊгейін арттыру, атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтыӊ арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету.

Шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов: "Ел Тәуелсіздігін алған кезеӊнен бастап мемлекетімізде заӊдылықтар мен қоғамдық тәртіптіӊ жағдайын, Конституция мен заӊдарды мүлтіксіз сақтауды Елбасы халқымыздыӊ алдына басты мақсат етіп қойды. Қоғамныӊ бірқалыпты өмір сүруі, елдегі тәртіп пен тыныштықтыӊ орнауы еӊ әуелі құқық қорғау органдары саласыныӊ қызметіне тікелей байланысты. Халықтыӊ құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып, Елбасы қойған мақсаттарға жету үшін бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Тәуелсіздік күніне орай біздіӊ облысымызда Құқық қорғау қызметтері орталығы құрылып, 12 мекеменіӊ мамандары тұрғындарға ақысыз түрде құқықтық қызмет көрсететін болады. Бұл қызметкерлер Сіз тарапынан қойылған сұрақтар мен барлық мәселелерді заӊ аясында шешуге және көмек көрсетуге әрқашанда дайын",-деді.

Құқықтық мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдауды тәжірибелі прокурорлар жүргізеді. Азаматтардыӊ өтініштерін қарауды тиімді ұйымдастыру үшін 8 мемлекеттік органныӊ қызметкерлері тартылған, оныӊ ішінде: облыс әкімдігі, жергілікті полиция қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі, еӊбек басқармасы, мемлекеттік кірістер департаментініӊ және т.б., сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, медиаторлар және психологтар.

"Орталық жұмысыныӊ негізгі қағидасы - бұл азаматтармен жұмыс жасауда прокуратураныӊ алаӊында мамандардыӊ кеӊ ауқымды құқықтық қызметтерді ұсынуы", - деді облыс прокуроры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны