26.06.2006, 18:49 2912

Маңғыстау облысында оралмандарға арналған шағын қалашықтар салынатын болады

АҚТАУ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысында оралмандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі аймақтық бағдарламаның аясында оларға арналған шағын қалашықтар салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары- оралмандар кеңесінің төрағасы Сақып Керелбаев баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

С.Керелбаевтың айтуынша, шағын қалашықтар Маңғыстау және Баянды ауылында, Қызылтөбе ауылдық округінде салынады. Тек жобалау жұмыстарына 60 млн. теңге арналып отыр. 2006-жылы құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен үйлерді салуға 33,5 млн. теңге бөлінбек. С.Керелбаевтың айтуынша, «Agip КCО» инженерлік коммуникацияларды тартуға 1 млн. теңге бөлмекші.

Облыстық әкімшіліктің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен алғашқы лекте баспана алуға кезекте тұрғандардың саны 10 мыңнан асады. 2006-жылы Маңғыстау облысында жалпы алғанда 286 мың шаршы метр баспана салу межеленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны