30.06.2018, 00:59 4245

Маӊғыстау облысыныӊ әкімі бір топ үздік журналистерді марапаттады

Ақпарат: бүгінде облыс бойынша 42 БАҚ тіркелген, олардыӊ ішінде электронды БАҚ - 14 (1 телеарна, 3 радио, 10 ақпараттық агенттік), баспа БАҚ - 28 (20 газет, 8 журнал).

Маӊғыстау. 30 маусым. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі бір топ үздік журналистерді марапаттады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыстағы барлық Байланыс және ақпарат қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиында сөз алған өӊір басшысы Ералы Тоғжанов:"Елбасы атап өткендей: "Қазақстан қоғамы өмірініӊ ақпараттық құрамдасын біршама жоғарылатып, Интернет-технологияныӊ мүмкіндіктерін азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғындардыӊ тұрақты "кері байланысын" нығайту мәселелерінде де кеӊейту міндеті тұр". Олай болса, Сіздер Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ cалмақты идеялары мен салиқалы бастамаларыныӊ төӊірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға, тәуелсіз Қазақстанныӊ ақпараттық кеӊістігініӊ қалыптасуы мен нығаюына, еліміздіӊ саяси тұрақтылығына, рухани-мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамныӊ әл-ауқатын арттыруды жан-жақты насихаттауға зор үлес қосып келесіздер", - деді.

Шара барысында өӊір басшысы Маӊғыстау облысыныӊ байланыс және ақпарат саласыныӊ дамуына қосқан үлестері үшін бір топ журналистер мен байланыс қызметкерлеріне алғыс хаттар тапсырды.

Сонымен қатар, кәсіби мереке қарсаӊында БАҚ қызметкерлері арасында өткізілген спартакиаданыӊ(үстел теннисі, бильярд, шағын футболдан,боулинг) қорытындысын жариялап, жеӊімпаз командаларға арнайы сыйлықтарын табыстады. Спорттық шара өӊірдегі салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және де БАҚ өкілдерініӊ арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

БАҚ өкілдері арасында өткен спартакиада қорытындысы бойынша "Маӊғыстау" телеарнасы I орын иегері атанып, кубокпен және 200 мыӊ теӊгеніӊ сертификатын алды. ІІ орын жеӊімпаздары "Маӊғыстау Медиа" ұжымы 150 мыӊ теӊгелік сертификатпен марапатталса, "Хабар Агенттігініӊ" аймақтағы меншікті тілшілері III орынды қанжығасына байлап, 150мыӊ теӊгелік сертификатқа ие болды.

Салтанатты жиын концерттік бағдараламамен жалғасты.

Ақпарат: бүгінде облыс бойынша 42 БАҚ тіркелген, олардыӊ ішінде электронды БАҚ - 14 (1 телеарна, 3 радио, 10 ақпараттық агенттік), баспа БАҚ - 28 (20 газет, 8 журнал).

Өӊірдегі жетекші БАҚ-на "Маӊғыстау" телеарнасы, "Маӊғыстау", "Огни Мангистау", "Лада", "Тумба" газеттері, mangystaumedia.kz, inaktau.kz интернет-ресурстары жатады.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны