23.08.2006, 11:18 3192

Маңғыстау облысының сыртқы сауда айналымы 2006-жылдың І жартысында 58 процентке артты

АҚТАУ. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысының сыртқы сауда айналымы 2006-жылдың І жартысында өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 58 процентке артты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

Кеден мекемелерінің мәліметіне сәйкес, 2006-жылдың І жартысында сыртқы сауда айналымы 3 млрд. долларды құрады, ал 2005-жылдың осы мерзімінде ол 1,6 млрд. долларды құраған болатын.

Департаменттен хабарлағанындай, 2004-жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 2 млрд. 856,6 млн. долларды құраған болатын.

Облыстың сыртқы сауда айналымының басым бөлігі, немесе, 60 проценті экспорттың үлесінде. Экспортталатын негізгі тауарлар - минералды өнімдер, соның ішінде бірінші кезекте шикі мұнай болып табылады. Бұл өнім облыстың экспорттық потенциалының 95 процентін иемденеді.

Департамент ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы жартысында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне 14 млрд. 60,9 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударылды. Бұл болжамдық тапсырманың 108,2 процентін құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны