19.10.2018, 20:36 4954

Маӊғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

"I Халықаралық Есенов оқуларыныӊ" екінші күні мұнайшы-геолог Халел Өзбекқалиевтіӊ 90 жылдығына арналған кітаптыӊ тұсаукесері және "Yessenov University үздік жас ғалымы "атты байқау өтеді.

Ақтау. 19 қазан. Kazakhstan Today - Маӊғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов электромобильдеріне арналған алғашқы электр қуаттандыру станциясыныӊ ашылу салтанатына қатысты. Есенов университетініӊ бас корпусыныӊ алдында орнатылған 2 Станция аталмыш оқу ордасыныӊ ғалымдарыныӊ еӊбегімен жасақталған. Олардыӊ толық зарядтау циклі небәрі 3 сағатты құрайды. Электромобильдеруниверситеттіӊ ішкі пайдалануы үшін алынған.

Сондай-ақ, блыс әкімі YessenovUniversity қабырғасында өткен "I Халықаралық Есенов оқуларына" қатысты. Іс-шараға 2007 ж.Нобель сыйлығыныӊ лауреаты Раджендра Кумар Пачаури, Путра университетініӊ (Малайзия) коммуникациялық технологиялар және желі кафедрасыныӊ, компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетініӊ профессоры Мохамед Бин Отман құрметті қонақболып қатысты.

Есенов оқулары "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ міндеттерін жүзеге асыру аясында өткізіледі. Студенттер мен жас ғалымдар үшін "Цифрлық Қазақстан: Ақпараттық жүйелер және энергетика", "Каспий конвенциясы: аймақтыӊ саяси-құқықтық даму үрдістері" және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар университет студенттері үшін "Yessenov University үздік стартап жобасы" байқауы өтеді.

Шара барысында Yessenov University ректоры Берік Ахметов аймақ басшысына аударылмалы сынып технологиясын таныстырды. Бұл оқу орныныӊ студенттері дәрістерге келмей, барлық сабақтарды Интернеттегі арнайы арнадан көре алады. Дәрістіӊ орнына олар семинарларға қатысып, үй тапсырмаларын тәжірибе жүзінде орындай алады.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов ситуациялық орталықты аралап көрді. Оған студенттердіӊ сабаққа қатысымы туралы, олардыӊ үлгерімі туралы барлық ақпарат шығарылады әрі оқу орныныӊ барлық ғимараты бойынша орнатылған 400 камераныӊ көмегімен университеттіӊ қауіпсіздігі бойынша жағдай бақыланады.

"I Халықаралық Есенов оқуларыныӊ" екінші күні мұнайшы-геолог Халел Өзбекқалиевтіӊ 90 жылдығына арналған кітаптыӊ тұсаукесері және "Yessenov University үздік жас ғалымы "атты байқау өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны