03.02.2017, 19:44 6066

Мариин театрында "Астана Опера" әртістері зор қошеметке бөленді

Қойылымнан бір күн бұрын әртістер мен театр басшылығы ТАСС ақпараттық агенттігі алаӊында өткен баспасөз конференциясына шақырылды. Айта кетерлігі, бүкіл әлем журналистері тікелей трансляция арқылы оқиға орнын бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Мариин театрында "Астана Опера" әртістері зор қошеметке бөленді,- деп хабарлайды "Астана Опера" театрыныӊ баспасөз қызметі.

1 және 2 ақпан күндері бес мыӊға шақ петерборлық көрермен хореографиялық өнердіӊ жауһары - "Париж Құдайанасыныӊ соборын" тамашалады. "Астана Опера" балет труппасы әртістерініӊ өнеріне толассыз қошемет көрсетіліп, бишілер петерборлық балет сүйер қауымды таӊ қалдыра білді.

... Бірнеше сағаттық әуе жолымен 3 368 шақырымдық қашықтықты артта қалдырған әртістер Петерборға тоқтады. Қазақстандық бишілерді Фин шығанағыныӊ жағасында орналасқан қала ашық ауа райымен, сондай-ақ спектакльге қатысты жарқын афишаларымен қарсы алды.

Ресейдіӊ мәдени астанасына бірнеше күн бұрын жеткізілген костюмдер мен декорациялар, Мариин театрыныӊ артқы сахна кеӊістігіне орналастылырған. Бұл - шеберханалар мен репетициялық залдарға жеке жолдармен қосылған өзіндік тынысы бар жеке әлем. Иртістер Мариинский-2 сахнасына тез бейімділді, себебі ол "Астана Опера" сахнасына қатты ұқсас.

Қойылымнан бір күн бұрын әртістер мен театр басшылығы ТАСС ақпараттық агенттігі алаӊында өткен баспасөз конференциясына шақырылды. Айта кетерлігі, бүкіл әлем журналистері тікелей трансляция арқылы оқиға орнын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Ресейлік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері "Астана Опера" театрыныӊ гастрольдік сапарына үлкен қызығушылық танытты.

Баспасөз конференциясы барысында Санкт-Петербордыӊ сыртқы байланыстар бойынша комитетініӊ ТМД елдері және РФ өӊірлері басқармасыныӊ басшысы Светлана Журкина петерборлықтардыӊ әлемге әйгілі театрлардыӊ бірі - "Астана Опера" балет труппасын қуана қарсы алатындығын атап өтті.

- Біз, қонақтарымыз жұмыс жасайтын театрдыӊ кереметтігінен хабардармыз. Иртістердіӊ Мариинский-2 сахнасында сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз, - деді С.Журкина.

Блогерлер мен журналистер қойылым алдындағы дайындыққа да қатысты. Елена Тарасенконыӊ әлеуметтік желідегі шағын пікірі: "Декорациялар сахнаға орналастырылып, олардыӊ ауыстырылу тәртібі тексерілуде. Кордебалеттіӊ рөлі ерекше. Секіру қимылына икемді мықты әртістер көп. Труппаныӊ орындаушылық техникасы биік деӊгейде. Жарқын әрі ықшамдалған костюмдер Ролан Петидіӊ сәл епсіз пластикасына сай келіп тұр. Солистері де тамаша. Қойылымныӊ бірінші күні сахнаға жас орындаушылар шығады. Ерлердіӊ секіру қадамдары алшақ, бидіӊ техникасында мін жоқ. Көрерменніӊ бұл қойылымнан ләззат алатындығы сөзсіз".

Ресейлік театрдағы қазақстандық қойылымға екі күн бойы адам лық толды. Бәрі де жоғары мәдениетпен кездесу сәтін асыға күтуде. Жаӊа театрдыӊ ішкі жабдығы әдемілігімен көз тартады. Көрермен залыныӊ сыртқы қабырғалары жарқын оникс тасыменкөмкерілген. Залдыӊ өзі жоғары талғаммен жасалып, ашық түсті ағаш жабдықтар кеӊістікті арттырып тұрғандай. Көрермендер өз орындарына жайғасты.

"Астана Опера" балет труппасыныӊ көркемдік жетекшісі, Мариин театрыныӊ бұрынғы примасы Алтынай Асылмұратова, петерборлық театрда Ролан Петидіӊ "Париж Құдайанасыныӊ соборы" спектаклін қоюды ұсына отырып, таӊдау жасауда қателеспегендігіне сенімді болды. Алайда, ол музыка ырғағына дөп түсуді талап ететін стильді, әрі жасампаз хореографияны орындау оӊайға соқпасын да жақсы түсінді. Өйткені, өзі де балерина ретінде әйгілі француз балетмейстерініӊ труппасында күрделі бас партияларды бес жыл бойы сомдаған.

Таӊдау дұрыс жасалғаны хақ: балет сүйер қауым мен балет сыншыларын қосқанда барлық көрермен риза болып қана қоймай, шаттыққа бөленіп, ұзақ уақыт әртістерді сахнадан жіберместен толассыз қошеметке бөледі.

Қойылымға Мариин театрыныӊ Симфониялық оркестрі қатысты, дирижері - Арман Оразғалиев. Морис Жаррдыӊ күрделі музыкасын әдемі орындау тапсырмасын әртістер де, дирижер де жоғары деӊгейде жүзеге асырды. Спектакльдіӊ басталуына дейін жалғасқан ұзақ дайындықтар нәтижесінде оркестрдіӊ де дауысы тамаша шықты.

Бірінші күні Квазимодо партиясын көптеген халықаралық байқаулардыӊ Гран-при иегері Бақтияр Адамжан орындады, Эсмеральда рөлінде Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Ийгерім Бекетаева жарқырап шықты, Феб - Олжас Тарланов, Клод Фролло - халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Ғазиз Рысқұлов.

Ал, екінші күні Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Рүстем Сейітбеков Квазимодо партиясын орындаса, оныӊ сүйіктісі - Эсмеральда рөлінде Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Мәдина Басбаева болды. Халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Арман Оразов Феб бейнесін аша білді. Клод Фролло - халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Серік Нақыспеков.

Қойылымнан кейін балет сарапшылары спектакльден алған әсерлерімен бөлісті. КСРО Халық әртісі, балет ұстазы, бұрынғы Киров атындағы Ленинград опера және балет театрыныӊ (қазіргі Мариин театры) солисті Ольга Моисеева былай деді:

- Қойылым өте керемет әсер қалдырды. "Астана Опера" театрыныӊ бізге келгеніне өте қуаныштымын, мұндай керемет орындаудағы қойылымды тамашалаудан ләззат алдық. Труппаныӊ жағдайы өте жақсы, биге жан-тәнімен берілген жалынды жастар екен. Иртістерініӊ бәрі жас, өздерініӊ не істеп жүргендерін түсінеді, көрерменге бәрін егжей-тегжейлі жеткізе біледі, сол себепті көрермен жақсы қабылдады. Бұл жерде Ресейдіӊ Халық әртісі, "Астана Опера" балетініӊ көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованыӊ еӊбегі зор деп есептеймін. Бұл спектакльді Мариин театрында маэстро Ролан Петидіӊ өзі қойып жүрген кезде мен ұзақ уақыт осында жұмыс істедім, және сол кездегі қойылыммен салыстыра аламын. Қазақстандық труппаныӊ орындауында хореографтыӊ түпнұсқасы көрсетіліп, оныӊ алғашқы ойы жеткізілген. Біздегі қойылым қызықты да қысқа болатын, ал бұл жолы Мариин театрында болмаған топтық көріністер көп байқалды. Квазимодо мен Эсмеральда партияларыныӊ орындаушылары, сондай-ақ тамаша жас әртістер петерборлық көрерменніӊ жүрегін жаулап алды. Феб және Клод Фролло да - бәрі тамаша, бізге өте ұнады. Балеттіӊ музыкасы өте күрделі, бірақ оркестр оны керемет орындады, дирижердіӊ мықтылығына да көп нәрсе байланысты, - деп аяқтады Ольга Моисеева.

Оныӊ әріптесі - сыншы, өнертану ғылымдарыныӊ кандидаты, А.Я.Ваганова атындағы орыс балет академиясыныӊ және Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербор консерваториясындағы хореография кафедрасыныӊ доценті Ольга Розанова, бұл ХХ ғасырдағы еӊ күрделі спектакльдердіӊ бірі екендігін атап өтті.

- Тереӊ мазмұны да, хореографиясы да күрделі шығарма. Бұл спектакль 50 жыл бұрын қойылған, алайда әлі күнге дейін қазіргі заманныӊ шығармасындай маӊызды. Өйткені, Ролан Пети француз балетініӊ классигі, көптеген спектакльдер қойған ол ерекше ойдыӊ иесі болған. Мүмкін бұл шығарма оныӊ көптеген мұраларыныӊ ішіндегі еӊ маӊыздысы, еӊ ұтқыр әрі антиромантикалық шығармасы шығар. Оныӊ заманауилығы осында. Біздіӊ өміріміз нәзіктік пен қайырымдылықтан тым алыс және ол қорқынышты әлемді көрсете білді. Тек екінші бөлімде ғана біз қайырымдылық пен махаббаттыӊ бұл жүрексіздікке сөзсіз тосқауыл бола алатындығын көреміз. Бұл жерде басты орынға кордебалет ие. Мені олардыӊ орындаушылық деӊгейі таӊғалдырды. Онда керемет солистер, талантты әртістер барын мен бұған дейін білгенмін. Хореография тым күрделі. Кордебалет сан қырлы, сахнаныӊ көп бөлігін сол алады. Еӊ бастысы, осындайқиынқозғалыста көптіӊ біркелкі жұмыс жасауын көрдім, бұл жаттықтырушылардыӊ еӊбекқорлығын көрсетеді. Өйткені, бір көріністе әртүрлі кордебалеттік қимылдарды ұтқыр әрі өткір, асқан талпыныспен орындау өте қиын. Айта кететіні, бір кордебалеттіӊ өзі бірнеше партияны орындайтындығы. Мариин театрында бірнеше топ болса, мұнда барлығын сол адамдар орындайды. Иртістердіӊ орындаушылық шеберліктерініӊ деӊгейі мені таӊғалдырды. Осы балетте бұрын билеген Алтынай Асылмұратова мен Константин Заклинский (Феб) тамаша жұмыс атқарғаны көрінді. Өзіне тән ерекшелігі бар Елена Шерстневаныӊ да труппамен жұмыс жасау қабілеті жоғары. Бұл спектакльді әлемніӊ кез-келген сахнасында ұялмай көрсете беруге болады, - деді Ольга Розанова.

Мұндай маӊызды шарадан қазақ диаспорасыныӊ өкілдері де қалыс қалмады. Қазақстанда туып, қазіргі уақытта Петербордыӊ тұрғынына айналған қазақтар қойылымныӊ өтетіндігі жайлы жарнаманы ести салысымен билет сатып алғандықтарын айтады. Жергілікті петерборлықтар да қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті.

- Мен Санкт-Петерборда жұмыс істеймін, Астанадан жұмыс тауып, көшіп барып театрларыӊыздыӊ барлық репертуарын көруге дайынмын. Бәрін түбегейлі өзгертуге әзірмін. Бәрінен бұрын ұнағаны - барлық деӊгейдегі жұмыстыӊ жоғарылығы - би де, костюмдер де, барлық образдардыӊ орынды болуы, музыкасы, бәрі керемет, ешқандай мін таппайсыӊ деуге болады, - дейді Яна Мамонова.

Гастрольдік сапардыӊ нәтижесін шығара келе, "Астана Опера" МОБТ директоры Ғалым Ахмедьяров әртістердіӊ еӊбектеріне алғысын білдіріп, КСРО Халық әртісі, М.И.Глинка атындағы РКФСР мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты, РФ мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты Олег Виноградовтыӊ берген жоғары бағасын өз аузынан естуі үлкен қуаныш сыйлағандығын айтып өтті.

- Олег Михайлович көп жылдар бойы Мариин театрыныӊ балет труппасын басқарды, сол себепті оныӊ "Астана Опера" театрыныӊ петерборлықтар үшін нағыз мерекелік қойылым қойғандығын, балет труппасыныӊ деӊгейі жоғары екендігін және көрермен біздіӊ қойылымдарымызды жиі көргісі келетіндігін білдіруі - біз үшін қуантарлық, әрі мақтанарлық жәйт. Осыныӊ өзі үлкен жетістік деп ойлаймын, - деді Ғалым Ахмедьяров.

Жылы қабылдау, гүл шоқтары, міне осылай тағы бір жауһарқойылым "Астана Опера" балет труппасы гастрольдік сапарларыныӊ тізбегіне енді. Иртістерді алдағы уақытта каншама сахналар мен жаӊалық күтіп тұрғаны белгісіз. Тек, қазақстандық театрдыӊ шетелдік сапарларыныӊ келесі тізімінде Кувейт, Оман және Италия елдері тұрғандығы белгілі.

"Астана Опера" ұжымыныӊ Мариин театрындағы гастрольдік сапары ҚР мәдениет және спорт министрлігініӊ жобасы екендігін естеріӊізге саламыз. Гастрольдік сапар "ЭКСПО-2017" бағдарламасыныӊ аясында өтіп, барлық шығын демеушілердіӊ есебінен қаржыландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны