19.10.2015, 11:33 4373

Мария Фадееваныӊ өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Өскеменде "Торпедо" хоккей клубыныӊ ойыншысы Евгений Фадеевтыӊ әйелі Мария Фадееваныӊ өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Өскемен. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде "Торпедо" хоккей клубыныӊ ойыншысы Евгений Фадеевтыӊ әйелі Мария Фадееваныӊ өліміне қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметініӊ басшысы Бақытжан Торғаев былай мәлімдеді: "Біздіӊ қызметкерлер күдіктілерді анықтап, құрықтады. Осыған байланысты қазір ҚР ҚК 1-тарауы 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды", деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Тергеудіӊ жәй-жапсары таяу арада хабарланатын болады.

Естеріӊізге сала кетсек, 14 қазанда Мария Фадеева Өскемендегі пәтерінде өлі күйінде табылған еді. Сол кезде "Торпедо" хоккей клубы ойыншысыныӊ әйелін үй тонаушылар өлтірген деген болжам айтылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны