07.05.2008, 15:31 6276

Мәскеуде РФ президенті Дмитрий Медведевті ұлықтау рәсімі өткізілуде

Мәскеуде РФ президенті Дмитрий Медведевті ұлықтау рәсімі өткізілуде

Мәскеу. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде жергілікті уақытпен талтүсте Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевті салтанатты ұлықтау рәсімі Үлкен Кремль сарайында басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Рәсімге үкімет мүшелері, парламенттің қос палатасының депутаттары, конституциялық соттың басшысы, президент әкімшілігінің жетекшілері, шетелдерден дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысуда. Қонақтардың жалпы саны 2000 адамнан асады.

Рәсімнің сценарийі бойынша РФ президентін ұлықтау рәсімі Үлкен Кремль сарайының Георгий, Александр және Андрей залдарында өтеді. Д. Медведев салтанатты жағдайда Конституцияның президенттік кітапханада сақтаулы бірегей үлгісіне қолын қоя тұрып ант берді. Д. Медведев Ресей Федерациясының президенті өкілеттілігін атқаратын кезде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын құрметтеу мен қорғауға, Ресей Федерациясының Конституциясына бағынуға және оны қорғауға, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін, қауіпсіздігі мен біртұтастығын қорғауға, халыққа адал қызмет етуге ант берді".

Жаңа сайланған президент қызметке кіріскен күні үкімет отставкаға кетуге тиіс. Медведевті ұлықтау рәсімінен кейін Владимир Путин өзінің РФ президенті өкілеттігін беріп, "Единая Россия" партиясының жетекшісі ретінде жаңа қызметке кіріседі.

"Бұл оқиға бүгін, 7 мамырда автоматты түрде жүзеге асады - ол үшін ешбір қосымша шешім қажет емес", -деп мәлімдеді "Единая Россия" партиясының орталық атқару комитетінің жетекшісі Андрей Воробьев.

Жаңадан сайланған президенттің қызметке кірісетін күні Ресей Конституциясында көрсетілген, ал ұлықтау рәсімі 7-мамырдан кейін өткізілуге тиіс, өйткені, қайта сайланған президенттің өкілеттілік мерзімі дәл осы күні аяқталады. Дмитрий Медведев жоғарғы мемлекеттік қызметке президент сайлауының бірінші турында жеңіске жету арқылы 2 наурызда сайланған. Ол үшін сайлаушылардың 70%-дан астамы дауыс берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны