11.02.2015, 21:40 4589

Мәтібұлақ полигонында танк биатлоны бойынша жарысқа дайындық жұмыстары басталды

"Отар" әскери базасыныӊ Мәтібұлақ полигонында 21450 әскери бөлімініӊ танк экипаждары оқ ату жаттығуларына кірісті. Онда Т-72 танкісімен оқ ату және әскери техниканы жүргізу шаралары өтеді

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - "Отар" әскери базасыныӊ Мәтібұлақ полигонында 21450 әскери бөлімініӊ танк экипаждары оқ ату жаттығуларына кірісті. Онда Т-72 танкісімен оқ ату және әскери техниканы жүргізу шаралары өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Танк биатлонына даярлық шеӊберінде танк бөлімшелері далалық шығу жағдайларында ату даярлығы мен жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сабақтарын өткізеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Естеріӊізге сала кетсек, 2013 жылы Мәскеу түбіндегі Алабино полигонында өткен тұӊғыш танк биатлоны бойынша халықаралық жарысында қазақстандық әскери қызметшілер командасы Беларусь және Армения танк экипаждарынан кейінгі екінші орынды иеленген болатын.

Ағымдағы жылы биатлон бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында және жеӊімпаздар қатарына ену үшін, экипаждыӊ әрбір мүшесі өзініӊ практикалық біліктіліктерін, атап айтқанда жүргізуші-механиктер - танкімен түрлі кедергілері бар жолдардан өту, нысанашы - көрінген және қозғалмалы нысанаға бірінші болып барынша дәлдікпен ату, танк командирлері - НСВТ зеӊбірегінен жоғары дәлдікпен оқ ату біліктіліктерін жаттықтыруда.

Танк қару-жарағынан ату мен жауынгерлік техникаларды жүргізуден басқа, экипаж құрамы дене даярлығымен де айналысуда.

Танк биатлонына даярлық барысында 21450 әскери бөлімініӊ 3-ші танк батальонында 2-ші взводтыӊ 9-шы танк ротасы взвод командирі лейтенант Т.Дошановтыӊ жетекшілігімен 9 танк взводыныӊ ішінде еӊ жоғарғы көрсеткіштерді көрсетті.

Танк биатлоны сайыстыӊ бір түрі ретінде кейінгі уақытта құрылып, көпшіліктіӊ көзайымына айнылды. Атап айтқанда, халықаралық жарыстардыӊ қатысушылары марш жасап, жер үсті және су кедергілерінен өтіп, 900-2200 м қашықтықтағы түрлі нысаналарды белгілі бір қару-жарақпен атады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны