28.03.2007, 16:43 3180

Мәжіліс депутаты премьер-министрге тарихи-мәдени маңызы бар нысандар туралы мәліметтерді ұсынуды сұрады

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева премьер-министр Кәрім Мәсімовтен тарихи-мәдени маңызы бар нысандар туралы мәліметтерді ұсынуды сұрады. Осы жөніндегі сауалын депутат бүгін мәжілістің жалпы отырысында таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтқанда, Дариға Назарбаева "нақты бір нысанды халықаралық, республикалық және жергілікті мәдени және тарих маңызы бар ескерткіштер тізіміне қосу туралы шешімді кім және қандай нормативтік құқық акт негізінде қабылдайтындығын" хабарлауды сұрайды. Депутат, сондай-ақ "тарихи және мәдени ескерткіштерді тарихи-мәдени мұра нысаны деп тану туралы қорытындыны дайындау үшін қандай критерийлер пайдаланылады", деген сұраққа жауап беруді сұрайды.

Дариға Назарбаева сондай-ақ, "тарихи-мәдени мұра ескерткішіне жататын нысан мәртебесі қандай құжаттармен куәландырылатындығына" қызығушылық танытты.

Депутатты "қандай да бір нысанды аталған тізімге қосу туралы бастама көтеруге кімнің құқы бар және де қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар осы мәселе бойцынша бастама көтере ала ма, сондай-ақ нысанды тарихи және мәдени ескерткіш деп тану туралы қорытындыны дайындауға қатыса ала ма" деген сауалдар да толғандарады.

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева бүгінгі күнгі "халықаралы, республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің бекітілген тізімін" алғысы келеді.

Дариға Назарбаева өзінің депутаттық сауалын жариялай отырып, оған бұл мәліметтер "Алматы қаласының жұртшылығы мен тұрғындарынан Алматы орталығындағы сәулет және құрылыс ескерткіштеріне жататын нысандарды бұзуға қатысты көптеген сауалдар келіп түсуіне және мұндай проблемалардың республиканың басқа өңірлерінде де кездесетіндігіне байланысты" қажет екендігін түсіндіріп өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны