13.02.2008, 17:23 2660

Мәжіліс депутаты шетелдік ойыншық жасаушылардың сапасыз өнімін қайтарып алу дерегі туралы ақпаратты ұсынуды өтініп отыр

Мәжіліс депутаты шетелдік ойыншық жасаушылардың сапасыз өнімін қайтарып алу дерегі туралы ақпаратты ұсынуды өтініп отыр

Астана. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Парламент мәжілісінің депутаты Виктор Киянский шетелдік ойыншық жасаушылардың сапасыз өнімін қайтарып алу дерегі туралы ақпаратты ұсынуды өтініп отыр. Депутат бүгін мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау министрінің атына тиісті депутаттық сұрау жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Отандық және шетелдік өндірушілердің сапасыз өнімдерін өз еріктерімен қайтарып алу жағдайы Қазақстанда болған-болмағаны туралы ақпарат беруді сұраймын. Егер жоқ болса, өзге елдермен салыстырғанда Қазақстанда неліктен бұл процедура жұмыс істемейді", - деп мәлімдеді В. Киянский.

Мәжіліс депутаты, ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда "ойыншықтар сапасына қатысты айтарлықтай проблемалар жоқ екендігін" түсіндіріп өтті.

Сөйтсе де "Еуропада бүкіл 2007 жыл мен 2008 жылдың басы Қытайдың құрамында улы қорғасын мен кадмий бар бояуларды пайдаланып жасаған балалар ойыншығының миллиондаған топтамасын кері қайтаруға байланысты сауда тартыстары болып жатыр".

"Бұл Еуропада балалар ойыншығына қатысты қауіпсіздік нормаларын күшейту жөніндегі Еуропалық директиваға толықтырулар енгізуге әкеп соқтырды",- деп еске сала кетті депутат. Сонымен қатар, ол Қазақстанда "жаңа буын техникалық регламенті деп жарнамаланған ойыншықтар жөніндегі заңның қабылданғанына қарамастан өндірушілердің ойыншықтарды жаппай кері қайтару немесе бақылаушы органдардың инспекциялық тексеру нәтижесі бойынша өнімнің үлкен топтамасын тәркілеуге қатысты бір де бір оқиға байқалмайды",- деп түсіндіріп өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны