15.01.2018, 15:47 5141

Мәжіліс депутаттары ҚазККА ұжымымен Қазақстан президенті Жолдауын талқылады

ҚазККА бірқатар халықаралық ғылыми-зерттеу және өндірістік технологиялық жобаларға қатысып келеді. Оныӊ ішінде Ляньюньган портындағы көлік-логистикалық терминалыныӊ техника-экономикалық дәйектемесін жасауға да атсалысуда.

Алматы. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаттары Бейбіт Мамраев және пен Кәрібай Мұсырман еліміздегі төртінші өнеркәсіп революциясын жүзеге асырудағы білім мен ғылымныӊ ролініӊ маӊызына тоқталды.

Жолдауда айқындалған "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын, технологиялық жаӊғыртуды тиісті деӊгейдегі адами ресурстарсыз атқару мүмкін емес.

"Мемлекет басшысы алдымызға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру жолында еліміздіӊ көлік саласындағы білікті мамандарды даярлау үшін академия барлық шараларды жасауда. Барынша білікті мамандар даярлауға назар аударудамыз. Біздіӊ материальдық-техникалық базамыз жақсы, халықаралық байланысымыз жолға қойылған. Дистанциялық білім беру технологиясы да жетілген. Исіресе, академия оқу үдерісі мен өндірістік қатынасты бірге жетілдіріп отыр",- дейді "ҚазККА" АҚ президент- ректоры Бақытжан Қуанышев.

ҚазККА бірқатар халықаралық ғылыми-зерттеу және өндірістік технологиялық жобаларға қатысып келеді. Оныӊ ішінде Ляньюньган портындағы көлік-логистикалық терминалыныӊ техника-экономикалық дәйектемесін жасауға да атсалысуда. Жобалау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар. Экологиялық қауіпсіздікті, еӊбек жағдайын бағалау, жолды сынақтан өткізу, жасанды имараттарды, бағдарламалық құралдарды сараптау зертханасы жұмыс істейді.

Депутаттар академия қабырғасында еліміздегі барлық жоғары оқу орындарыныӊ өкілдерін қатыстыра отырып, Жолдаудағы цифрлық технологияға көшу, көлік-логистика инфрақұрылымыныӊ тиімділігін арттыру, адами капиталды жетірдіру негізіне, ғылыми зерттеу жұмыстары мен латын әліпбиіне қатысты ойларды ортаға салып, сараптап, талқылаудан өткізетін дөӊгелек үстелдер өткізуге тәжірибелері жеткілікті екендігін ортаға салды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны