12.09.2007, 13:10 1387

Мәжіліс депутаттары үкіметтен Қашағанды игеруге қатысты ахуалдан хабардар етуді сұрайды

Мәжіліс депутаттары үкіметтен Қашағанды игеруге қатысты ахуалдан хабардар етуді сұрайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Мәжіліс депутаттары үкіметтен Қашағанды игеруге қатысты ахуалдан хабардар етуді сұрайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кәрім Қажымқанұлы, сізден біз белгіленген мерзімде парламентке бірқатар мәселелер бойынша ақпарат беруді сұраймыз", - деп мәлімдеді бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында палатаның экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин.

Атап айтсақ, депутаттар "Agip KCO мен консорциумға қатысушы басқа да барлық компаниялардың Қазақстан аумағындағы Қашаған кенішін игеруіне қатысты іс-қызметінің нәтижелері жөнінде" хабарлауды сұрайды. Сондай-ақ, оларды "шетелдік компаниялардың қанша жобаға инвестиция жұмсағаны мен мұндай кенішті игеру үшін республиканың қандай ресурсқа ие екендігі" қызықтырады.

Депутаттар мынадай сұрақтарға жауап беруді өтінеді: "үкімет елдің мүддесімен санаспайтын арсыз компанияларға және олардың қайда жұмыс істейтіндігіне қатысты басқа елдердің тәжірибесін зерттеді ме?".

"Біз сонымен бірге Қазақстанның қадағалаушы органдары тарапынан жүргізілген тексерулер мен беті ашылған заң бұзушылықтар жөнінде ақпарат беруді сұраймыз. Республиканың ұлттық мүддесіне нұқсан келтіру мүмкіндігіне жол бермеу үшін үкімет қолданғалы отырған шаралар жөнінде хабарлауды өтінеміз", - деді Е. Нығматулин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны