02.02.2007, 17:00 2977

Мәжіліс депутаттары Жоғарғы сотқа мемлекеттік органдардың жер телімдерін тәркілеуге қатысты шағымдарын қарауға мораторий жариялауын өтінді

Кеше мәжіліс депутаттары Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мамиға мемлекеттік органдардың жер телімдерін мәжүбүрлеп тәркілеуге қатысты шағымдарын қарауға мораторий жариялау туралы үндеу жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. "Соңғы кездері айналамыздағы заңсыз салынған тұрғын үйлерді бұзу, жер телімдерін тәркілеудің аяғы қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруда", - деп көрсетілген депутаттардың Жоғарғы сот төрағасына жолдаған үндеуінде. Отставкадағы полиция полковнигі Мурат Бейсебаевтың өзіне өзі қол жұмсауы да дүйім жұртты дүр сілкіндірді.

АСТАНА. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Кеше мәжіліс депутаттары Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мамиға мемлекеттік органдардың жер телімдерін мәжүбүрлеп тәркілеуге қатысты шағымдарын қарауға мораторий жариялау туралы үндеу жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Соңғы кездері айналамыздағы заңсыз салынған тұрғын үйлерді бұзу, жер телімдерін тәркілеудің аяғы қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруда", - деп көрсетілген депутаттардың Жоғарғы сот төрағасына жолдаған үндеуінде. Отставкадағы полиция полковнигі Мурат Бейсебаевтың өзіне өзі қол жұмсауы да дүйім жұртты дүр сілкіндірді. "Бұл оқиға қайтыс болған азаматтың тұрғын үйі үйлері бұзылуға тиіс "алтын квадратта" орналасуына байланысты екендігі баршаға мәлім",- деген.

"Ирбір жер телімдерін тәркілеуге, үйлерді бұзуға байланысты жағдайлардың артында еліміздің қарапайым азаматтырының тағдыры тұр",- деп атап көрсетілген аталмыш құжатта.

"Бұл мәселенің үлкен қоғамдық-саяси маңыздылығын, сондай-ақ біздің сайлаушыларымыздың көптеген шағымдарын ескере отырып, біз, Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаттары, жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың "мемлекеттік қажеттілікке" жер телімдерін мәжүбүрлеп тәркілеуге қатысты шағымдарын сотта қарауға мораторий жариялау туралы ұсыныс жасап, үндеу жолдаймыз",- деп көрсетілген үндеуде.

Депутаттар, 2006 жылдың желтоқсан айында үкіметтің "жер телімдерінің меншік иелерінің заңды құқығын заңды түрде қорғауды қамтамасыз етуге" уәде бергендігін еске сала кетті. Атап айтқанда, депутаттардың жер телімдерін тәркілеуге қатысты сұранымына берген үкіметтің жауабында "мемлекеттік қажеттіліктер" үшін жер телімдерінен мәжүбүрлеп айыруға жол берілетін жекелеген жағдайлардың тізімі белгіленеді", деп көрсетілген. Сондай-ақ, жер телімдерін тәркілеу негіздерінің тізіміне аумақ шектеуінің схемасы мен қала салу немесе жерге орналастыру құжаттары кірмейді. Сонымен қатар, үкімет "кодекс нормалармен толықтырылады, бұл нормаға сәйкес мемлекеттік емес жер пайдаланушыларының әкелген шығындарының орнын толтыру жер пайдалану құқығы тоқтатылған сәттен бастап жүзеге асырылады", деп хабарлаған болатын. Үкімет жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке тәркілеу Жер кодексіне сәйкес тек жекелеген жағдайда ғана жүргізіледі, деп сендірген болатын.

Осыған байланысты депутаттар Жоғарғы соттың "бұл мәселенің біржола заңды түрде реттелуіне дейін және Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенге дейін" осы тектес шағымдарды қарауға мораторий жариялауын сұрайды. "Біз бұл шешімді қоғамның, еліміздің азаматтарының дұрыс қабылдайтындығына сенімдіміз",- деп көрсетілген депутаттар үндеуінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны