21.06.2007, 16:08 2573

Мәжіліс сайлауында 1,5 мыңнан астам сайлау учаскесінде "Сайлау" жүйесі орнатылады - Орталық сайлау комиссиясы

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Алдағы кезектен тыс мәжіліс сайлауында 1,5 мыңнан астам сайлау учаскесінде "Сайлау" жүйесі орнатылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сайлау" автоматтандырылған сайлау жүйесі 1,5 мыңнан астам сайлау учаскесінде пайдаланылады, бұл 2005-жылғы президент сайлауындағыдан 5 процентке артық",- деді Қ.Тұрғанқұлов.

Осыған байланысты ол "Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларды электрондық тәсілмен дауыс беруге машықтандыруға одан әрі оқыта беруге тиіс", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны