03.07.2008, 18:01 2536

Мәжіліс спикері Астанада бірқатар жаңа нысанды ашты

Мәжіліс спикері Астанада бірқатар жаңа нысанды ашты

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астананың 10 жылдығын тойлау аясында мәжіліс спикері Аслан Мусин Астанада "Илия" ескерткіш кешенін ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илия" ескерткіш кешені Ұлы Отан соғысының батыры Илия Молдағұлованың құрметіне арналған. Оның құрылысын Ақтөбе облысы Астананың 10 жылдығына орай салды.

Сондай-ақ, мәжіліс спикері Астананың мерейтойына орай Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары жөндеуден өткізген "Екі солдат" және "Еуразия" гүлзарларының ашылуына қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны